Шымкентте 11 сыныпта оқитын ер бала менингит дертін жұқтырды деген күдікпен емханаға түсіп, артынша көз жұмды деп хабарлайды NUR.KZ.
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп лицейінің 11 сынып оқушысы 15 маусымда қалалық жұқпалы аурулар емханасына жоғары дене қызуымен түскен.
Шымкент қалалық білім бөлімінің берген мəліметіне сəйкес, биыл мектеп бітіргелі жатқан жас түлек 3 шілде күні 18 жасқа толар еді.
«Шымкент қаласы Тассай 191 орам тұрғыны, 03.07.2000 жылы туған С есімді бала 15 маусымда қалалық жұқпалы аурулар емханасында менингит күдігімен мезгілсіз қайтыс болғанын мəлімдейді», — делінген хабарламада.
ОҚО денсаулық басқармасы бұл факті туралы ресми ақпарат берген жоқ. Арнайы брифингте ақпарат беріледі деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.