jasqazaq.kz

Шымкентте жалған шот-фактура жасағандарға 85,1 млн теңге айыппұл салынды

29 сәуiр 2025, 10:43

Шымкентте жалған шот-фактура жазып берген салық төлеушілерге айыппұл салынып, мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалды.

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу заңдылығына жүргізген мониторинг нәтижесінде Мемлекеттік кірістер басқармасы жалпы сомасы 709,5 млн теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген 5 салық төлеушіге қатысты 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі заңсыз тоқтатқанын анықтады.

– Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда көрсетілген істерді тоқтату туралы қаулылардың күші жойылды. Сонымен қатар жалған шот-фактура жазып берген салық төлеушілерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 280-бабы (Жалған шот-фактура жазып беру) бойынша жалпы сомасы 85,1 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды, — делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Қазір 41,6 млн теңге өндіріліп, мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалды.

inform.kz

27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты