jasqazaq.kz

Шымкентте Ұлттық жоба аясында 5 мың отбасы баспаналы болды

23 наурыз 2023, 18:14

Өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуді көздейтін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобаның мақсаты айқын. Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. Бүгінде Шымкент қаласында осы жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы кең.

2021-2022 жылдары Шымкент қаласы бойынша халықты баспанамен қамтуда 5 мыңға жуық отбасы өз баспанасына қол жеткізді. Оның ішінде тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, жетім-және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, бұдан бөлек жұмысшы жастар және несиелік негіздегі бюджеттік ұйым қызметкерлері бар.

Ал ағымдағы жылдың соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі кезегі келген әр түрлі санаттар бойынша 324 отбасы және 888 азамат жұмысшы жастар бағдарламасы бойынша арендалық пәтермен қамтылмақ . Сондай ақ 1641 пәтер Отбасы банкі арқылы несиелік бағытта үлестірілетін болады.

Аталған Ұлттық жоба «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағыттарын біріктіреді. Ұлттық жобаның мемлекеттік бағдарламалардан айырмашылығы, форматы неғұрлым ықшам, талдаусыз, бірінші кезекте бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз етілген нақты іс-шаралар болып табылады.

Жоба аясында апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жөндеу секілді өзекті мәселелердің шешілуі қарастырлған. 2021 – 2022 жылдары Шымкент қаласы бойынша 100-ге жуық тұрғын үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті. Биылғы жылы 40 көпқабатты тұрғын үйге қажетті деп табылған жөндеу жұмыстары жасалынбақ.

Айта кетсек, биыл ақпанда Шымкентте “Қамқор” өңірлік бағдарламасы іске қосылып, бірінші кезеңде 150 адамды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл бағдарламаның басқа да тұрғын үй бағдарламаларынан негізгі ерекшелігі – тұрғын үй кезегіне тұру бойынша арнайы санаттарға жатпайтын азаматтарға жеңілдетілген пайызбен ипотекаға пәтер беруді қарастырады.

Бибайша Нұржанқызы

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң