jasqazaq.kz

Шымкентте вирусты гепатиттердің эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

26 тамыз 2022, 16:05

Бұл туралы қаладағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова және «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» филиалында зертхана меңгерушісі Ботакөз Шаймерденованың қатысуымен «Вирусты гепатит. Нені білу маңызды?» және «Оба ауруы» тақырыптары бойынша өткен брифингте айтылды.

– Шымкент қаласы бойынша 2022 жылдың 7 айында «А» вирусты гепатитінің 3 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген 2 жағдайы «А» вирустық гепатитіне қарсы екпе егуден бас тартқандар. Созылмалы вирусты гепатиттерден оқушылар арасында СВГС («С» вирусты гепатитінің созылмалы түрі) 2 жағдайы тіркелді. Вирустық гепатиттер — адамның бауырына әсер ететін және бауырдың, көкбауырдың, сарғаюдың және интоксикацияның ұлғаюымен көрінетін вирустық аурулар тобы. Созылмалы гепатиттің (алты айдан астам уақытқа созылатын бауырдағы диффузды қабыну процестері) вирустық емес түрі де кездеседі. Қазіргі уақытта қаладағы вирусты гепатиттер бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты, — деді Айгүл Мелесқызы.

Спикердің сөзінше, жұқпалы аурулардың ішінде вирустық гепатиттер зардап шеккендер саны бойынша тұмаудан кейін 2-орын алады. Сондай-ақ, созылмалы вирустық гепатиттердің 286 жағдайы тіркелген.

Оның ішінде, дельта агенті бар «В» вирустық гепатиті — 3 жағдай, дельта агентсіз «В» вирусты гепатиті — 91 жағдай, «С» вирусты гепатиті — 190 жағдай. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың 1,5 есеге өскендігін көрсетеді. Ал жазғы демалыс кезеңінде оқушылар арасында «А» вирусты гепатитінің 1 жағдайы тіркелген.

Барлық вирустық гепатиттер адамнан адамға жұғады. Жұғудың негізгі жолдары — қан және асқазан-ішек жолдары арқылы. Гепатит қоздырғыштары қоршаған ортаға төзімді. Барлық вирустар зақымдайтын негізгі орган – бауыр. Ауру негізінде бауыр жасушалары – гепатоциттер бұзылады. Барлық вирустық гепатиттер үшін көптеген биохимиялық көрсеткіштердің өзгерістері, олардың динамикасы ұқсас. Вирустық гепатиттерді емдеудің принциптері ұқсас.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті