Шымкентте трансформатор және генератор шығару зауыты салынуда

19 шiлде 2023, 13:04

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлік саланы дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шараларымен бірге мемлекет бизнеске көмек көрсету бағдарламаларын жалғастыра беретінін айтқан болатын. Бұл бағытта қаланың индустриалдық аймақтарында жүйелі жұмыстар жасалуда. Сондай-ақ, инвестиция және кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелері қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жіті назарында.

Қазір үшінші мегаполистегі ең ірі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «ЭСМА Электрик» кәсіпорны трансформаторлар мен генераторларды өндіру жобасын іске асыруда. Жобаның инвестициялық көлемі 1 019 млн. теңгені құрап, 150-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаты жылына 2,5 мың дана дайын өнімді шығарады. Зауыт 2024 жылдың наурыз айында іске қосылады деп жоспарланған. Сонымен қатар аталған аймақта «ALTYN BOX» кәсіпорны картон қағаздан жасалған бұйымдар өндіру жобасы іске асырылуда.

Жобаның инвестициялық көлемі 100 миллион теңгені құрайды және 20-ға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаты бойынша жылына 1,5 млн. метр өнімді шығарады. Зауыттың іске қосылу мерзімі 2024 жылы жоспарланған. Дайын өнімді ішкі нарықта да, экспортқа да сату жоспарлануда. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленуде және жер жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде жалпы инвестиция сомасы 58,4 млрд. теңгеге 35 жоба іске асырылып, 2 507 жұмыс орны ашылды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жобасына сәйкес бүгінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жобаларының жалпы құны 163,5 млрд.теңге болатын 56 жобадан тұрады, олар 5 582 жұмыс орнын құруды көздейді.

Айта кетсек, Бүгінде қалада Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік маңызы бар өнімдерге жатқызған азық-түлік тауарларының барлық түрлері өндіріледі. Ендігі міндет — азық-түлік тауарларын өндіру мен экспорт көлемін ұлғайту. Осыған байланысты, «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағының инженерлік желілерін жүргізу бойынша 132 гектар аумақта ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеуге арналған құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар қолданыстағы сауда-логистикалық орталығы кеңеюде. Барлық тауарларды қабылдау-жөнелтудің, жеткізудің арқасында логистикалық орталық еліміздің оңтүстік өңірі бойынша ірі хаб болуға мүмкіндігі зор.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды