jasqazaq.kz

Шымкентте сирек кездесетін дертке наркозсыз ота жасалды

10 қазан 2022, 15:42

Шымқалада дәрігерлер алғаш рет сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа күрделі ота жасады. №2 қалалық аурухана базасында тың әдіспен жасалған операция кезінде хирургтар наркозды қажет етпейтін, асқынуларды болдыртпайтын хирургиялық ем тәсілін қолданған.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні аталмыш ауруханада 1986 жылы туылған науқас келіп түскен. Пациенттің ауруханаға түскен кездегі шағымы сүйек буындарының ауырсынуы, дене бітімінің кішірейуі, бойының шөгуі болған.

Онымен қоса, науқас бүйректің созылмалы шамасыздығы салдарынан 9 жыл бойы гемодиализ қабылдаған. Тексеру барысында сондай-ақ, науқаста кальций-фосфор алмасуы бұзылғаны анықталған. Шұғыл арада дәрігерлер консилиумі құрылып, пациенттің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер күрделі ота жасауға шешім қабылдайды.

№2 қалалық аурухана базасында науқасқа қалқанша маңы безі артерияларының эмболизация отасы жасалынды. Операция сәтті аяқталып, соның нәтижесінде науқастың ауырсынуы басылған.

–Операциядан кейін науқастың сүйек буынындағы, қанындағы парат-гормон деңгейі 7 күнде 1733 пг/мл-ге дейін төмендеген және одан да төмен түсуі күтілуде. Сондықтан науқас қатаң бақылауға алынып әр аптада қан талдау алынып жатыр. Бір науқастың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер командасы болып жұмыс істеп, консилиум құрдық, — деді, дәрігер-нефролог Мадияр Қыстаубаев.

Консилиум құрамында білікті дәрігерлер №2 қалалық ауруханың бас дәрігер орынбасары А. Жакибаев, нефрология бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к. Ж. Рсалиева, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс нефрология бойынша бас маманы М. Қыстаубаев және нефрология бөлімшесінің дәрігерлері Р. Кенешбаева П. Мирзахановтар болды.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті