jasqazaq.kz

Шымкентте Республика күнінде көк байрағымыз биікте желбіреді

26 қазан 2022, 22:47

Мерекелік шараға қаламыздың еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар жиылды.

Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында орналасқан мемлекеттік рәміздер алаңында 25 қазан — Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі өтті. Айтулы іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те қатысты.

Мерекелік шараға қаламыздың еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар жиылды. Олар әнұранды шырқап, егемендіктің символына айналған көк Туымыз биікке көтерілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімінен соң «Ордабасы» алаңынан мерекелік авто және вело шеру бастау алды. Көк байрағымызды желбіреткен шеру қаланың орталық көшелерін аралап, жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, еліміздің егемендік тойын мегаполис жұртшылығы ерекше атап өтті. Қаладағы барлық алаңдар мен орталықтарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. «Арбат» алаңында Шымкент қалалық Мәдениет басқармасына қарасты музей, кітапхана, театр ұжымдары Республика күніне орай ұйымдастырылған көрмеге қатысып, тақырыптық көрнекіліктерін қалың көпшілікке таныстырды.

— Республика күні биыл ұлттық мереке мәртебесін алып, ерекше аталып отыр. Бүгін Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің мамандары құнды құжаттар мен деректерімізді көрмеге әкеліп отырмыз.Оның ішінде музейдің бастамасымен жарыққа шыққан «Ақ жол»,«Шолпан» еңбектері бар. Ұлттық мерекенің ұлықталып, халықтық тойға айналғаны қуантады. Барша шымкенттіктерді мерекемен құттықтаймын, — дейді бұқара халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Забира Мұратбекова.

Салтанатты жиында Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Білекті азаматтар қол күресіп, мықтылары қошқар көтеріп, өз бақтарын сынады. Ал, жасөспірімдер асық ойнады. Қала дәмханалары мен кондитерлік үйлері өз дәмдерін ұсынды.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті