jasqazaq.kz

Шымкентте Республика күні мерекесі аталып өтті

23 қазан 2022, 16:24

Қаладағы Көрме орталығында 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Жиында қаланың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегі еленіп, шаһардың жетістіктері сараланды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов көпшілікті мерекемен құттықтап, қаланың дамуына еңбек сіңірген азаматтарды мерекелік наградалармен марапаттады.

– Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен Республика күні Ұлттық мереке ретінде бекітілді. Бұл маңызды шешім халықтың қолдауына ие болып, осы жылдан бастап ұлттық деңгейде аталып өтетін болады. Бүгінде елімізде Әділетті Қазақстан құру бойынша ауқымды реформалар қабылданып жатыр. Шаһарда Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқан бастамалар мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар іске асырылуда.
Ел аман, жұрт тыныш болса, жұмыс та жүреді, қаланың да, халықтың да әл-ауқаты артады. Мұндай жағдайда ұлт болып ұйысып, ұлттық мерекені атап өту де бір ғанибет. Қазақстан Республикасының Республика күні – біздің жалпыұлттық мерекеміз. Еліміздің қарыштап дамып, толағай табысқа жетуі – халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің жемісі. Олай болса, бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болып, Егемен еліміз гүлдене берсін!, – деді қала әкімі.

Іс-шара барысында қалада түрлі салаларда жетістікке жеткен, еңбек сіңірген азаматтар мемлекеттік нагдаралармен марапатталды. Ж.Шанин атындағы қалалық академиялық қазақ драма театрының артисі Сапарбай Өтемісұлына III дәрежелі «Барыс» ордені табыс етілді. Сонымен қатар, «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» грамотасы, жалпы 30-дан астам азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етілді.

Салтанатты іс-шарада Оңтүстікте туған өнерпаздар, қалалық мәдениет мекемелерінің ұжымдары өнер көрсетіп, мерекенің сәнін кіргізді. Республика күніне орай қалада 300-ден астам нысанда іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Айта кетсек, биылғы Ұлттық мерекеге Шымкент қаласы да зор жетістіктерімен келіп отыр. Тәуелсіздік жылдары шаһарға тартылған инвестицияның тең жартысы, яғни, 1,8 триллион теңге соңғы 5 жылдың еншісінде. Биыл 9 айда Шымкентке 327,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 530 миллиардқа жетеді деп күтілуде.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті