Шымкентте пойыздың астына түскен 25 жастағы вагон тіркеушісінің бір аяғы кесілді, деп хабарлайды Today.kz Otyrar.kz арнасына сілтеме жасап. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы орташа ауыр.
Жігіттің сол аяғы кесілген.
Ол жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, ол жақында хирургия бөліміне ауыстырылады.
Бұл оқиғаны Оңтүстік Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы тексеретін болады.