jasqazaq.kz

Шымкентте пәтерден үш адамның мәйіті табылды

10 ақпан, 11:07

Күні кеше Шымкенттегі Шығыс шағынауданындағы пәтерден бір отбасының үш мүшесінің мәйіті табылды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бұл оқиғаны растады. Марқұмның көршілері жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалған. Бұл туралы otyrar.kz-ке сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

«8 ақпанда сағат 16:36-да 112 жедел жәрдем қызметіне бір пәтер тұрғындарының қоңырауға ұзақ уақыт бойы жауап бермегені және есікті ашпағаны туралы хабарлама келді. Оқиға орнына құтқару тобы жіберілді. Есікті күштеп ашқаннан кейін құтқарушылар пәтерден үш адамның денесін тапты. Тиісті қызметтер шақырылды», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексерілуде. Алдын ала ақпарат бойынша, қайғылы оқиға табиғи газдан уланудан болуы мүмкін. Тергеу амалдары жүргізілуде.

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады