jasqazaq.kz

Шымкентте мемлекеттік гранттың III-ші легі бойынша өтінім қабылданады

22 тамыз 2022, 17:08

Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін қажет:
–Порталда тіркелу;
–грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
–порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
–өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.
–Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:
–тіркелген жұмыссыздар;
–29 жасқа толмаған,3 жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

–еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
–қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
–өңіраралық қоныс аударушылар
–атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
–мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
–асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
-жастар (29 жасқа дейін).
–Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Ескерту: өтінімдер 29 тамыздан 9 -шы қыркүйекке дейін қабылданады.(сенбі-жексенбі,яғни 3-4 қыркүйек күндерін қоспағанда).

Алайда, белгіленген 616 азаматтан өтініш келіп түскен жағдайда өтінімдерді қабылдау тоқтатылатынын назарларыңызға саламыз.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті