jasqazaq.kz

Шымкентте мектеп қызметкері 200 ноутбукті құмар ойынға тігіп жіберген

06 қыркүйек 2022, 16:35

Шымкентте мектептің IT маманы құмар ойында ұтылып қалған қарызын өтеу үшін 200 ноутбукті ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оtyrar.kz жазуынша, биылғы мамыр айында мектеп мүлкіне толық түгендеу жүргізіліп, соның нәтижесінде 200-ден астам ноутбуктің жоқ екені анықталған.

№77 орта мектепте жұмыс істейтін ер адам өз әрекетін індет кезінде жүзеге асырған. Білім мекемесінің директоры 28 жастағы қызметкердің бір жыл бұрын жұмысқа орналасқанын айтады. Ал өткен жылдың қаңтар айынан бері ол 35 миллион теңгеден астам ақшаның мүлкін тонап үлгерген.

«Пандемия кезінде біз ата-аналарға компьютерлер бердік, содан кейін олар мектепке қайтарылды. 2022 жылдың мамыр айында ноутбуктердің тиісті саны жетпей тұрғаны белгілі болды», – дейді №77 мектеп директоры Толқын Аюбаева.

Белгілі болғандай, ІТ-маман мемлекет мүлкін алыпсатарларға берген. Ал ақшаны букмекерлік кеңсеге жұмсаған. Мектеп қызметкері мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны үшін 7,5 жылға сотталды. Сонымен қатар ол талап арыз бойынша көрсетілген 35 миллион теңгеден астам соманы мектепке төлеуге келіскен.

«Сот сотталушының кінәсін дәлелденді деп танып, аса ірі көлемдегі шығынды ескере отырып, оны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сотта ол өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ енді ол 10 жылға білім саласында белгілі бір қызметтерді атқару құқығынан айырылды», — деді Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Төлебұлан Төлешов.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті