Шымкентте мәрмәр ет өндіріледі

17 шiлде 2023, 10:25

Шымкент қаласында ірі қара малды бордақылап қана қоймай, одан сапалы ет алатын, нақтырақ айтқанда нарықта қымбат бағаланатын мәрмәр ет өнімін өндіретін шаруақожалық бар. Бұл қазіргі таңда мейрамханаларда жоғары сұранысқа ие ет түрі болып табылады.

Мал шаруашылығының пайдасы ұшан теңіз екені айтпаса да түсінікті. Ата-бабамыз бұл кәсіпке айрықша назар аударып, жесең – ас, кисең – киім, ішсең сусын болатын төрт түлікті ғасырлар бойы тіршілігіне басты таяныш етіп келгендігі де сондықтан. Елімізде қазіргі күнге дейін мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Малды әр түрлі мақсатта пайдаланады. Солардың бірі – мал бордақылау

Бүгінде шаруашылықтардың көшін бастап келе жатқан қожалық Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабында орналасқан. «Нуралы» шаруа қожалығында ірі қара малдың мәрмәр етін бере алатын тұқымдары бордақыланып жатыр. Атап айтқанда, 30%-ы «Абердин-Ангус», 30%-ы «Әулиекөл», 30%-ы «Қазақтың ақбас» және қалған 10%-ы жергілікті ірі қара мал тұқымдары. Өнімдер қаламыздан бөлек еліміздің өзге аймақтарына да жөнелтіледі.

Қожалық иесі, шаруа Шерали Усмановтың айтуынша, кәсібін ең алдымен 2005 жылы 7 бас ірі қара мал бордақылаудан бастаған. Мал шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алған ол бүгінде қоражайында мың басқа жуық ірі қара малды баптап жатыр.

Шаруа қожалық алғаш рет 2010 жылы мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау арқасында шаруашылық аумағын ұлғайтып, мал бордақылау алаңының сыйымдылығын 400 басқа, 2014 жылы 700 басқа жеткізген екен. Ал 2018 жылы мал бордақылаумен қоса сағатына 2 тоннаға дейін құрама жем шығаратын цехты іске қосыпты. Бұл өз кезегінде шаруа үшін ет өнімінің көлемін арттыруға септігін тигізді деуге болады. Кәсіптің көзін тапқан қала тұрғыны бұл межемен тоқтап қалмай, 2019 жылы бордақылау алаңының сыйымдылығын 1000 басқа дейін жеткізді.

Жеке кәсіпкер отбасылық шаруасын одан әрі жандандыру мақсатында алдағы жылы қоражай аумағының сыйымдылығын 1500 басқа дейін жеткізуді, сонымен бірге сапалы ет өнімінің үлесін арттыруды жоспарлап отыр.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды