jasqazaq.kz

Шымкентте құлақ, мұрын ауруларын емдейтін бөлімше ашылды

26 қазан 2022, 22:51

Енді құлақ мұрын ауруларын емдеуде жергілікті ақ халаттылар бұрынғыдай науқастарды Астана мен Алматы қаласына жібермей ақ өздері сауықтыра алады.

Шымкенттік дәрігерлердің сырқаттарды емдеуде тағы бір мүмкіндігі артты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен алғаш рет қаладағы клиникалық балалар ауруханасында отоларингология бөлімшесі ашылды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Енді құлақ мұрын ауруларын емдеуде жергілікті ақ халаттылар бұрынғыдай науқастарды Астана мен Алматы қаласына жібермей-ақ өздері сауықтыра алады.

Отоларингология өлімше 20 төсек-орынға лайықталған. Мұнда дәрігерлер құлақ, тамақ, мұрында кездесетін ауру түрлеріне диагностикалық тексерулер жасап, толық емдеу жұмыстарын жүргізеді. Жаңадан ашылған бөлімшедегі дәрігерлероперация жасауға да бейімделген. Соның арқасында дәрігерлер бұрынғыдай лор аурулары бар науқастарды Астана мен Алматы қаласынажібермей ақ өздері ота жасауда.

Дәрігерлердің сөзінше, құлақ мұрын ауруына шалдыққан науқастардың басым бөлігі операциянықажет етеді екен.Мәселен, соңғы бір айдың ішінде бөлімшеде емделіп шыққан науқастардың 90 пайызына дәрігерлдер ота жасаған.

–Көптеген ота түрін жасаймыз. Атап айтқанда, септопластика,вазотомия, конхотомия, мұрын қабыршықтарының оталары, Мұрын сүйектерінің репозициясы, ринопластика, эндоскопиялық оталар , құлақ ауруларының оталары, тонзиллэктомия, аденоэктомия, эндоскопиялық, дакриоцисториностомия, увулопалатофарингопластика (қорылдауды кетіретін) және де өзге күрделі ота жасаймыз, — дейді қалалық клиникалық баллар ауруханасының лор дәрігері Ерубай Мақсат.

Айта кетейік, құлақ мұрын аурларына дер кезінде диагноз қойып, оны емдеуде ауруханада қажетті жабдықтардың барлығы орнатылған. Емдеу мекемесінде операция жасауға арналған операциялық микрохирургиялық микроскопы, ЛОР комбайны сияқты барлық қажетті жабдықтар бар. Бөлімшеде дәрігерлер шұғыл және жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдайды.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті