jasqazaq.kz

Шымкентте қоғамдық келісім мәселесіне арналған кездесу өтті

14 қыркүйек 2022, 15:32

Кездесуде өскелең ұрпақ — жас буынға дұрыс тәрбие беру, қоғам мүшелерін ұлтына, тіліне, дініне қарап, кемсітпеу мәселелері байсалды түсіндірілді.

Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабында жергілікті тұрғындармен қоғамдық келісім мәселесіне арналған кездесу өтті.

Аталған кездесуге жергілікті этнос өкілдері мен ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың мүшелері, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің маманы Ж.Әлжанова, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Н.Әбдікәрім қатысты. Кездесу барысында аталмыш азаматтардан бөлек, абыройлы ақсақалдар мен белсенді азаматтар сөз сөйлеп, пікірлерін айтты.

Берекелі бірлікті бекемдеуді көздеген ашық диалог алаңына осы аумақтағы мектептердің жоғары сыныбында оқитын оқушылар да арнайы шақырылды. Кездесуде өскелең ұрпақ — жас буынға дұрыс тәрбие беру, қоғам мүшелерін ұлтына, тіліне, дініне қарап, кемсітпеу мәселелері байсалды түсіндірілді. Өйткені, бүгінгі қоғамдағы түбегейлі өзгерістер халқымыздың ауызбірлігін, белсенділігін, әр азаматтың жеке басының жауапкершілігін талап етеді. Қоғамдағы келісім мен бейбіт өмір, саяси тұрақтылық үшін аянбай еңбек ету өте маңызды.

Жиында сондай-ақ, Сайрам тұрғын алабында қалыптасқан этносаралық ахуал, қоғамдық келісімді сақтау, құқықтық тәрбие, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу сынды бірқатар жайттар сөз болды.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы аумағындағы 23 тұрғын алапта этнос өкілдері жинақы қоныстанған. Осы аумақтағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік саясат пен қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру, жағымсыз жағдайлардың алдын алу бағытында жыл басынан бері 54 мақсатты кездесу өткізіліп, этносаралық қарым-қатынасқа ықпал ететін ықтимал жағдайларға талдау жасалды. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарып жатыр. Ал, олардың жанында 21 шығармашылық ұйым мен 3 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.’

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады