Шымкентте кәсібі тұралаған құс фабрикасының ісі қайта жанданды

13 шiлде 2023, 15:05

Тауық етін өндірумен айналысатын «Қайнар құс» фабрикасы Аграрлық несие корпорациясының көмегімен аяққа тұрды. Тиімді несиенің арқасында кәсіпорын қуаты 44%-ке өсіп, қазір өнімі көрші аймақтарға сатылып жатыр. Осы тақырыпты тарқатып айтсақ.

«Қайнар құс» фабрикасы биыл 3 мың тонна тауық етін саудалады. Толық автоматтандырылған кешенде құс еті өңделіп, бүгінде 16 түрлі өнім шығарылады. Бұл қуатына кәсіпорын жақында ғана шықты. Былтыр жем-шөптің 60%-ке дейін қымбаттауынан құс азығын уақытылы жеткізу қиындап, тауықтың жартысына жуығы қырылып қалған.

— Біз 2021 жылы көп тауық басын көбейту үшін балапын санын арттырып едік. Жоспарымызды жүзеге асыруға азық мәселесі кедергі болды. Салдарынан тауықтарымыздың көбі өлу себебіне байланысты қаражатымыз азайып қалды. Мұнан кейін, біз жұмыртқа сатып алып, тауық тауық құсын өсіре алмай қалған едік, — дейді «Қайнар құс» фабрикасының директоры Фарида Бексейітова,

Шығынға батқан кәсіпорын айналым қаражатын толтыру үшін биыл Аграрлық несие корпорациясына жүгінген. Сыйақының 8%-ін мемлекет субсидиялаған. Несие қаражатына молынан етіп жем-шөп сатып алыпты.

–Сол несиенің арқасында Түркиядан жұмыртқа әкеліп, балапан өсіріп, ет сатып жатырмыз. Жұмыс әрі қарай жүріп жатыр. Енді бұдан да көбейтсек деп отырмыз. Қазір біздің қуатттылығымыз 4 мың тонна болса, оны алты мыңға жеткізсек деп отырмыз, — дейді «Қайнар құс» фабрикасының директоры Фарида Бексейітова,

Шымкенттік шаруаларды қолдау үшін Аграрлық несие корпорациясы өткен жылы 21 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген екен. Тиімді несие бағдарламалары мал басын көбейтіп, техника мен қажетті құрал-жабық сатып алуды оңтайландырады.

— Бұл ауыл шаруашылық болғаннан кейін пайызы төмен және өзінің циклына байланысты өзінің жеңілдетілген каникулы қарастырылған. Ол несиені ала салып, келесі айдан бастап төлеу емес оның циклын есептеп, анализ жасап, негізгі борышын екі рет пайызын екі рет төлейтіндей жеңілдетілген график қосып бердік, — дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚФ директорының орынбасары Ақылжан Сарыбай.

Қазір «Қайнар құс» фабрикасы дайын өнімді Түркістан облысы мен Шымкент қаласына сондай-ақ, көрші Таразға саудалайды. Алдағы уақытта тауық етін бүкіл республикаға сатуды мақсат етіп отыр.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды