jasqazaq.kz

Шымкентте идеология саласының қызметкерлері біліктілігін арттыруда

23 қыркүйек 2022, 10:21

«Ruh camp» көшпелі оқыту семинарлары осыған дейін 24-25 тамыз күндері Көкшетау, 7-8 қыркүйек күндері Ақтөбе қалаларында өткен.

Шымкент қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастырумен «Ruh camp» көшпелі оқыту семинары өтіп жатыр.

Аталған семинарға Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының идеология саласына жауапты жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істейтін 30-дан астам қызметкер қатысуда. Оларға танымал коуч жаттықтырушылар, республикалық сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен институт қызметкерлері дәріс өтеді.

Оқыту семинары қызметкерлердің коммуникативтік қасиеттері, аналитикалық дағдылары мен сыни ойлау қабілеттерінің дамуына, ауқымды деректермен жұмыс істеудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруге, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің біліктілігінің артуына және БАҚ саласында сапалы ақпараттық-имидждік сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Оқыту семинарын «Data Insight» тәуелсіз агенттігінің және Dataisight Academy онлайн мектебінің директоры, әлеуметтік, бизнес және ғылыми зерттеулер жүргізудегі 12 жылдық тәжірибесі бар, 50-ден аса аймақтық, республикалық және халықаралық ауқымдағы жобалардың авторы, әлеуметтік психология және зерттеу әдіснамасы бойынша жаттықтырушы Ілияс Тілеубергенов жүргізуде.
Екі күндік модульдің алғашқы күні Ілияс Тілеубергенов «Мемлекеттің идеологиялық жұмыстары: аймақтарда іске асыру жолдары» тақырыбында сөз алып, идеологияның маңыздылығы, қоғамдық сана мен құндылықтарға әсері, идеологиялық жұмыстарды қаражатсыз өткізу, идеологиялық жұмыстың тиімділігін бағалау мен мониторинг жасаудың тәсілдері бойынша кеңінен әңгімеледі.

Жалпы, «Ruh camp» көшпелі оқыту семинарлары осыған дейін 24-25 тамыз күндері Көкшетау, 7-8 қыркүйек күндері Ақтөбе қалаларында өткен. Биылғы жылдың 5-6 қазан күндері Алматы, 13-14 қазан Астана қалаларында жалғасады. Айта кетейік, семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды деп жоспарланған.

Тоқтар Жакаш

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады