Шымкентте ет өндірісі қарқынды

13 шiлде 2023, 10:04

Ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды саласы болып табылады. Агроөнеркәсіп саясаты бүгінгі күні оны жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті етуге, елді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыруға, оның сапасын жақсартуға бағытталған. Ауыл шаруашылығында экономикалық қатынастарды түбегейлі қайта құру міндеті қойылып отыр, оның мәні кәсіпкерлік және бастамашылық көрсету үшін мүмкіндік беру болып табылады.

Мал шаруашылығының пайдасы ұшан теңіз екені айтпаса да түсінікті. Ата-бабамыз бұл кәсіпке айрықша назар аударып, жесең – ас, кисең – киім, ішсең сусын болатын төрт түлікті ғасырлар бойы тіршілігіне басты таяныш етіп келгендігі де сондықтан. Елімізде қазіргі күнге дейін мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Малды әр түрлі мақсатта пайдаланады. Солардың бірі – мал бордақылау

Шымкентте қазіргі таңда зеңгі баба тұқымын бордақылау алаңдарының қуаттылығы артқан. Жыл басынан бері қосымша 5329 бас іріқара мал байланып ет көлемі 2,1 пайызға артқан. Қалада жайылым жердің аздығынан мұның барлығы қорада тұрып бағылған. Бір орында тұрып бордақылаудың өз тиімділігі де бар.

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір қалада 100 ден аса шаруа қожалықтар бар. Онда 74 мың іріқара, 103 мың ұсақ мал, 4 мың шошқа 14 мың жылқы 1 млн құс өсіріліп жатыр. Қала төңірегіндегі ауыл шаруашылығы жерлерінде қорегі дайындалады. Жер аз болғандықтан бордақы бір орында ұстап бағуға бейімделіпті.

Мал бордақылау ісіне бейімделген ірі қожалықтың бірі — «БӘЙТЕРЕК-АГРО» АШӨК. Бұл жерде күніне үш өгіз сойылады. Өнімге сұраныс жоғары. «Алқаптан сөреге дейін» бағдарламасымен кооператив өзінің сауда нүктелерін іске қосқан. Іріқарадан бөлек қазақы тұқым қисары қойларыда бар. Арпа, бидай, сұлымен бағылатын қой экологиялық жағынанда сапасы жоғары. Қожалық жылына мың бас қойдың етін саудалайды.

–Ұрықтыққа өзіміздің қошқарларымыз бар. Саулық қойларымыз бар. Содан шыққан төлді откормға тастаймыз. Осы жерде 6-7 ай бағып етке шығарамыз. Өзіміздің бойня бекетіміз бар. Жемі арпа, бидай, жүгері береміз, — дейді Умиджан Абдиев «БӘЙТЕРЕК-АГРО » АШӨК зоотехнигі.

Шымкент қалалық ауылшаруашылығында келер жылғада келелі жоспар түзілген. 2022-ші жылы бір ғана Абай ауданында 3 бордақылау алаңын іске қосу жоспарланған. Құрлысы аяқталуға жақын нысандарда 2500 ірі қара бордақыланатын болады.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды