jasqazaq.kz

Шымкентте есірткі курьері болған 20 жасар қыз екі жылға сотталды

06 қыркүйек 2022, 11:12


Шымкент қаласы Абай аудандық сотында Түркістан облысының 20 жасар тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды қазАқпарат.

Күдікті Telegram желісіндегі парақшалардың біріне «курьер» ретінде жұмысқа тұрып, интернет-ботпен хат жазысқан. Ол заңмен тыйым салынған заттарды иемденіп, оны өзімен сақтап, тасымалдап, Шымкент қаласы аумағындағы жасырын орындарға қалдырып жүрген.

Қолға түскен сәтінде күдіктіден жалпы 36 дана қара түсті изолентаға оралған есірткі заттары тәркіленген. Сонымен қатар, ол жасырын орындарға тығып үлгерген жерлерден тағы 2 дана қара түсті изолентаға оралған есірткі заттары алынған.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты синтетикалық психотпропты мемкатинонның аналогы – мефедрон екендігі анықталып, жалпы салмағы 39,831 граммды құрады.

Сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізді. Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларын, жасаған қылмысының қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, оның жеке басының деректерін ескере келе, сот күдіктіге «бас бостандығынан айыру» түріндегі жазаны қолдану қажет деп санап, оны уақытша қоғамнан оқшаулауға шешім қабылдады» — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті