jasqazaq.kz

Шымкентте ерекше үлгідегі гүлзар ашылды

26 қазан 2022, 22:38

Қала әкімі Мұрат Әйтенов су жаңа гүлзардың ашылу рәсіміне қатысып, ел игілігіне берді.

Республика күніне орай Шымкент тағы бір нысанмен толықты. Қала әкімі Мұрат Әйтенов су жаңа гүлзардың ашылу рәсіміне қатысып, ел игілігіне берді. Аталған нысан Қазыбек би-Есенберлин көшелерінің қиылысында, Ш.Қалдаяқов атындағы филармония мен А.Пушкин атындағы кітапханаға жақын маңда орналасқан. Гүлзарда орындықтар, қоқыс жәшіктері, арнайы ағаштан жасалған «pergola» (шатыр), селфи аймағы, әткеншектер, мен стилді жарықшамдар орнатылған. Тақтатастары фортепиано пернелері іспеттес төселген.

Нысанның ресми ашылуында шаһар басшысы барша жұртқа жүрекжарды лебізін жеткізе отырып:–Қазақстан — қуатты мемлекет. Бұл күнге оңай жетпегеніміз тарихтан белгілі. Барымызды бағалап, туған жердің қадіріне жете білейік. Туымыз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! — деді.

Еске сала кетейік, жаңа гүлзар орнында бұрын «Адвокаттар алқасының» ғимараты бар еді. Өртеніп кеткен соң барлығы сүрілген. Енді бұл жер тұрғындар тынығатын аймаққа айналды.

Бұдан соң қала әкімі жаңадан ашылған А.Пушкин кітапханасына барып, ішін аралап көрді. Қызметкерлерді Ұлттық мейраммен қатар келген кәсіби мереке — кітапханашылар күнімен құттықтап, жұмыстарына жеміс тіледі.

Айта кетейік, Шымкент қаласының Достық үйі базасында қазақ тілін үйрететін «Бірлік алаңы» коворкинг орталығы жұмысын бастады. Кеңсе негізгі 4 бағытта қызмет көрсететін болады, соның бірі – этнос өкілдерін қазақ тіліне оқытуға, қазақтың ұлттық тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне баулуға бағытталып отыр. Қазақ тілін, ұлттық құндылықтарын, дәстүрін насихаттау, қазақтың киелі жерлерін таныту арқылы қазақты тануға қызығушылық тудыру – орталық атқаратын негізгі жұмыс болмақ. Орталық мемлекеттік тілдің базалық негіздерін үйрететін болады. Ниет білдірушілердің барлығына қазақ тілін оқып-үйрену қолжетімді болады.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті