jasqazaq.kz

Шымкентте бір отбасы мүшелерінің өлі денелері табылды

25 қараша 2017, 10:20

Шымкентте үш адам газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Otyrar.kz сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

Алдын ала ақпарат бойынша, жер үйде 1976 жылғы ер адам, 1983 жылғы әйел және 5 жасар бала уланып қалған.

Оқиға орнына газ шаруашылығының мамандары келді. Олар үйде қолдан жасалған жылу қазандығы орнатылғанын анықтады.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Оралда жеке тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті. Жүктіліктің жетінші айындағы 37 жастағы әйел күйік жарақатымен ауруханаға түсті. Кейінірек келіншектің құрсағындағы шаранасы шетінеп кеткені белгілі болды.

Әйелдің күйеуінің айтуынша, ол таңертең үйдегілерге шәй әзірлемек болып ас үйге кірген бетте газ жарылыпты.

“Мен қатты жарылыстан оянып кеттім. Ас үйге жүгіріп барсам, әйелім жанып жатыр. Отты қолыммен сөндіре бастадым. Оның бүкіл денесі күйіп қалды. Мен бірден жедел жәрдем шақырдым, олар оны ауруханаға алып кетті”, — деді ол.

Әйелден өзге отбасындағы 5 адам да ыстан уланып, ауруханаға жеткізілген.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті