jasqazaq.kz

Шымкентте бейнебақылау камераларының саны 3 есеге артты

26 қазан 2022, 23:00

Нәтижесінде қылмыстық оқиғалардың орын алу көрсеткіші 15,3 %-ға азайған.

Шымкентте биылғы жылы қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жалпы 1000 бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның 800-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға арналған болса, 200 — і сергек – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында.

Шаһар аумағында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қала ету мақсатында жыл сайын көшелерге және көп қабатты тұрғын үйлерге қойылып жатқан бейнебақылау камераларының саны артып келеді.

Бүгінде қала аумағындағы бейнебақылау камера саны 2020 жылығымен салыстырғанда 3 есеге артып, қосымша автоматтындырылған 32 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде қылмыстық оқиғалардың орын алу көрсеткіші 15,3 %-ға азайған.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімінің жіті бақылауындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Шымкентте 2020 жылы 3 153, ал былтыр 3 177 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде 4 441-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, 1889-ы жол қауіпсіздігіне бағытталған. Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы арқылы басқарылады. Жедел басқару орталығының техникалық базасы да жаңартылды. Нәтижесінде камераларды шолу 3 есеге артты. Сергек камераларына қарайтын 32 автоматтандырылған жаңа жұмыс орны құрылды.

Бейнеқабырғаларға бұрын екі жүйе қосылған болса, енді олардың саны 8-ге өсті, яғни әлеуметтік нысандар, сергек, GPS карталар, пелко, ИНТЕГРА-С қосылды. Тәртіп, тазалық пен жол ережесін сақтау, жалпы қауіпсіздігіміз үшін камералардың маңызы орасан зор. Қаланы бейнебақылау камералармен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Атап айтар болсақ, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар арқасында технологиялық серпіліс» Ұлттық жоспарына сәйкес, 2023 жылы 1500, 2024 жылы да 1500, ал 2025 жылы 2500 бейнекамералар қойылмақ.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті