jasqazaq.kz

Шымкентте базар өртенді

21 мамыр 2016, 11:38

e4638727054e1f0a268d31d89ea14170

Өткен түнде Шымкентте «Исатай» базары  жанды. Жақын маңда орналасқан ғимараттар  мен сауда үйлері өрт сөндірушілердің күшімен  жалыннан аман қалды. Өрттің жалпы аумағы 2 мың шаршы метрге жуық. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өрт туралы хабар келіп түскен соң, ол жерге 6 бірлік өрт автоцистерна, автобаспалдақ, апаттық-құтқару автомобилі, және жеке құрамның 34 адамы жөнелтілген. Қауіптілік деңгейі сараланған соң қосымша техника жіберіліпті.
«Өрт 1980 шаршы метр аумақты шарпыған. Көкөніс, азық-түлік, киім-кешек, лау-бояу заттары сататын пластик бутиктер жанған. Өрт салдарынан бір пропан баллоны жарылды. Өрт ішінде басқа да баллондар болған, алайда өрт сөндірушілер 50 литрлік пропан балоны мен 2 оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарып үлгерді», деп атап өтті ТЖК өкілі.+
Өрт сөндірушілер өрт сөндірумен қатар маңайдағы ғимараттарға су шашып, оларда өрт тұтанудың алдын алды. Нәтижесінде зоодүкен, дәріхана, ет павильоны, «Мечта» дүкені және автотұрақ өрттен аман қалды.
Өзара іс-қимыл жасау үшін оқиға орнына «102», «103», «104», электр желісінің апаттық қызметі, су арнасы қызметі жұмылдырылды. Өрт сөндіруге жалпы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 115 адамы мен 23 бірлік техникасы қатысты.

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет