Шымкентте барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім бар

12 шiлде 2023, 18:28

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі қаңтар-маусым айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды. 6 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалғаны, өсім динамикасы тіркелгені атап өтілді.

Мегаполисте негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,4 пайызға артты. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, көлемі 14 пайызға өсті. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 32,3 пайызға артты. Сонымен қатар, жалпы сауда көлемі 7,3%-ға, оның ішінде, бөлшек сауда 21,4 пайызға өскені байқалды. Үкімет басшысы жауаптыларға өңірлерді дамытуда бірқатар тапсырмалар жүктеп, жалпы қабылданып жатқан шаралардың тұрақты мониторингін қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Айта кетсек, бүгін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5%-ды (нақты сектор – 4,8%, қызмет көрсету саласы – 4,9%) құрағанын баяндады. Барлық негізгі салалар оң динамика көрсетіп отыр, құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат пен байланыс салалары бойынша ең жақсы көрсеткіштер тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 13%-ды құрады. Олардың ағыны көлік пен қоймалауда – 57%-ға, сауда-саттықта – 32,%-ға, ауыл шаруашылығында – 22%-ға, білім саласында – 21,5%-ға, сондай-ақ өнеркәсіпте – 10,9%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 11,4%-ға өсті. Алдын ала жасалған қорытынды бойынша қаңтар-мамыр айларында сыртқы сауда айналымы 8%-ға өсіп, $55,8 млрд-ты құрады. Экспорт $31,6 млрд-қа жетті, бұл ретте өңделген тауарлардың экспорты 3,8%-ға өсіп, $10,2 млрд-ты құрады. Тауар импорты $24,2 млрд-ты құрады. Жалпы алғанда республиканың оң сауда балансы шамамен $7,4 млрд-ты құрайды.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды