jasqazaq.kz

Шымкентте банк тонаған адам қолға түсті (видео)

23 қазан 2017, 11:29

Шымкенттегі банк бөлімшесін Алматының тұрғыны тонаған. Бұл туралы ОҚО ІІД ресми хабарлады. Тәртіп сақшыларының айтуынша күдіктіні Әл-Фараби ПБ қызметкерлері жалдамалы пәтерлердің бірінде қолға түсірген, — деп жазды tvk-uko.kz.

Ұстау кезінде күдіктінің 1972 жылы туылған Алматы тұрғыны екені белгілі болды. Сонымен қатар, пәтерден айғақ зат ретінде үлкен соммадағы ақша тәркіленген. Қазіргі таңда, осы іске қатысты ҚР ҚК 192 бабы 4 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 45 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылған.

Естеріңізде болса, осы жылдың 13 қазанында, қаладағы банк бөлімшелерінің біріне жүзін тұмшалап алған ер адам шабуыл жасаған еді. Балтамен қаруланған ол «жарылғыш пакетке» ұқсас затты еденге тастап, банк қызметкерлерінен ақша талап еткен. Сөйтіп, күдікті кассадағы 16 млн теңге мен 23 мың АҚШ долларын және 8 500 Ресей рубльін алып, белгісіз бағытта ізін суытқан.

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс