jasqazaq.kz

Шымкентте банк бөлімшесінің бұрынғы басшысы депозиттен 445 мың доллар ұрлады деген айыппен сотталды

27 қыркүйек 2022, 12:03

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы «ЦеснаБанк» филиалының бұрынғы басшысы және азаматтық тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Нұржан Көлбаев ҚР ҚК 189-бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы Әсел Садықова 7 жылға сотталды. Сонымен қатар екеуіне де банк және қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқаруға 10 жыл мерзімге тыйым салынды.

Басылым мәліметінше, Нұржан Көлбаев 2017 жылы депозиттерден қаржы шешіп алып, жасырынып қалған. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Кейін банкир қолға түсіп, Әсел Садықовамен бірге сот алдында жауап берді.

2022 жылдың 5 шілдесінде прокурорды тыңдап, барлық материалды зерттеген соң, сот екеуін де ақтаған. Апелляциялық арыз беріліп, нәтижесінде мән-жайы зерделенген соң 26 қыркүйекте Көлбаев пен Садықова сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті