Шымкентте балық шаруашылығы дамып келеді

13 шiлде 2023, 10:10

Жалпы Шымкент қаласына балық өнімдері шет аймақтардан әкелінеді. Күніне орта есеппен 3 тоннаға дейін жеткізілетін балық өнімдері шаһардағы балық сататын 20 дүкен мен бөлшек сауда орындарында сатылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында балық шаруашылығына ерекше мән беру керектігін айтқан еді. Бұл ретте, Шымкентте аталған саланы қарқынды дамыту қолға алынды. Осы бағытта қала аумағында 2019 жылдан бастап жылына 200 тоннаға жуық «африкалық сом» балығын өндіретін «Алина» шаруа қожалығы жұмыс істеуде. Онда өндірілетін балық өнімдері қаладағы мейрамханаларға және балық сататын дүкендерге үздіксіз жеткізілуде. Шаруа қожалығының иесі Данияр Рахымжанов бұл межемен тоқтап қалмай, қала аумағындағы су тоғандарды пайдалана отырып, нарықта алтынмен тең бағаланатын «бекіре» тұқымдас балық түрін асырауды жоспарлауда. Бұған қоса, балықтарға арналған құрама жем өндіру цехын құруды да көздеп отыр.

Сонымен қатар, үшінші мегополисте мемлекеттік жеке әріптестік аясында «Текесу» және «Ақжар» су қоймаларында балық шаруашылығын дамыту жобасы іске асырылмақ. Жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын бұл жоба іске қосылғанда жаңадан 200-ге жуық жұмыс орны ашылып, онымен бірге туристік демалыс аймағына айналатын болады.

Бұдан бөлек, қаламызда балық өнімдерін қайта өңдеу бағыты бойынша «Синяя Волна» ЖШС жылына 14 тонна, «JFM company» ЖШС 250 тоннаға дейін балық өнімдерін өңдеуде. Ал, «ККК» ШҚ 60 тоннаға дейін құс еті және мал шаруашылығы өнімдерімен қоса балықтарды ыстап өңдеу цехын іске қосты.

Бүгінде балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдаулар да аз емес. Бұл бағытта «Ал-Тур-Су» АӨК-нің ұсынысы бойынша 2022 жылға балық тұқымдарын өсіруге «Ақбұлақ» су көзінің 2 000 метр ұзындығы мен су қорғау аумағында 50 мың балық шабақтарын өсіріп, өнім алу жоспары бар. Бұл – ең алдымен қала халқына жергілікті өнімді ұсынуға, экспортқа балық өнімдерін шығару және туризм саласының дамуына өз ықпалын тигізеді дейді мамандар.

Айта кетсек, Шымкент қаласы – республиканың ірі өнеркәсіптік орталығының бірі. Қазіргі таңда бес өндірістік аймақта 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны мен 337 кәсіпорын ашылған. Қолданыстағы өндірістік аймақтардың толымдылығы 90 пайызды құрап, қажеттілікке қарай тағы 5 индустриалды аймақ ашу жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде 400 миллиард теңгеге 284 кәсіпорын өз жұмысын бастап, 12 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды