jasqazaq.kz

Шымкентте балаларды оңалту қызметі дамып келеді

18 тамыз 2022, 21:08

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар мен қаладағы эпидемиологиялық ахуал төңірегінде өткен брифингте мәлімдеді.

– Қаламызда балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы 9 медициналық ұйымда қалпына келтіру және оңалту емі жүргізілуде. Жалпы тәуліктік балалар төсек-орын саны — 391, күндізгі төсек орын саны — 101. Осы жылдың 6 айында оңалтудан өткен жалпы бала саны – 3 773. Өткен жылмен салыстырғанда 865 балаға көп. Тәулік бойы стационарда 2 842, күндізгі стационарда 931 бала оңалтудан өткен.

Шымкент қаласындағы оңалту емін жүргізетін оңалту орталықтары мультитәртіпті команда, реабилтолог дәрігерлер, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, эрготерапевтер, психологтар, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ түзету педагогтары (ойын, музыка терапевттерімен, монтессори-терапия мамандарымен қамтамасыз етілген, — деді басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, Шымкент қаласында жүйке ауруларымен диспансерлік есепте 2 497 бала тұрады. Оның ішінде ДЦП ауруымен 1 164 баланың 893-і оңалту емінен өткен. Орта білім беретін 142 мектепте медициналық пункттер жұмыс істейді.

Профилактикалық тексеруге жататын 225 737 оқушының оқу жылы ішінде 146 729-ы тексеруден өтті. Бұл жоспарланған 50% қамтудың 65%-ын құрайды. Балалардың 33%-ы профилактикалық иммундаумен жасы бойынша қамтылған, жоспар бойынша (30-33,2%).

Баспасөз жиынында Нұрлыбек Абибуллаұлы ана мен бала денсаулығын қорғау саласына да тоқталып өтті.

– 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында 15 325 бала дүниге келді. Оның ішінде егіздер — 194, үшемдер — 1. Өткен жылмен салыстырғанда, егіздердің тууының 18 жағдайға өсуі байқалды (10,2%). Балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында Қалалық клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96% — ға дейін жақсартылды. Заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ бұрын болмаған онкогематология, нейрохирургия, интервенциялық кардиохирургия, нефрология бөлімшелері ашылып, дамуда.

Қазіргі уақытта осы жабдықтың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ісіктер, гематомалар, ми тамырларының тромбозы сияқты күрделі операциялар мен манипуляциялар жүргізілуде. Жыл басынан бері Қалалық клиникалық балалар ауруханасында 76 нейрохирургиялық ота жасалынды, — деді спикер.

Сонымен қатар, материалдық жабдықтармен қамтамасыз ету 77%-ды құрайды. 2022 жылы басқарма тарапынан диагностикалық тексеру жұмыстары мен күрделі оталарды жасау үшін медициналық жабдық сатып алынды. Амбулаториялық деңгейде 44 медициналық ұйымы (11 мемлекеттік 33 жеке меншік) 2022 жылға 9,4 млрд.теңге сомасына дәрілік заттар сатып алуға өтінімдер ұсынып, оның ішінде 6,3 млрд теңгеге дәрілік заттар жеткізілді.

Айта кетейік, медицина саласында оң өзгерістер көп. Қалалық онкологиялық орталықта онкогематология бөлімшесі ашылып, (пэт/кт орталығы мен сәулелі терапия орталығында пэт, кт, сызықтық үдеткіш апараттары) орнатылды. Қазіргі уақытта (кт және сызықтық үдеткіш) қызмет көрсетуде.Ал (пэт) қыркүйектен бастап іске қосылады деп жоспарлануда). Биыл 1 сәуірден бастап аталған аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті