Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді.
–Бұған дейін сақтандыру мәртебесін және МӘМС тізбесінен медициналық көмекті алу үшін, емделушінің өткен 12 айға жарнасы төленген болуы және сақтандырылған мәртебесін жоғалтпауы үшін ай сайын жарналарын төлеп отырулары міндеттелген еді. Азаматтардың өтініштерін талдау нәтиежесінде жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуге қызығушылық танытпайтыны анықталды. Осы мәселені шешу мақсатында «Медициналық сақтандыруға өткен жылдардың қарызын төлемей, алдағы 12 айға жарна аударып, 15 айға сақтандырылған мәртебесінде болыңыз!» атты акциясын ұйымдастыру қолға алынды. Аталған акция өз кезегінде емделушілерге медициналық сақтандыруға өткен жылдардың қарызын төлемей, алдағы 12 айға жарна аударып, 15 айға сақтандырылған мәртебесінде болуға мүмкіндік беріп отыр,-деді Сабит Райымбекұлы.
Жобаны іске асыру барысында сақтандыру жүйесіне енбеген азаматтардың шамамен 30 пайызы жаңа төлем түрін пайдаланады деп күтілуде. Сонымен қатар, берешегі жоқ дербес төлеушілердің МӘМС жарналарын ай сайын төлеу құқығы сақталады.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы МӘМС жарнасын дербес төлеушілер ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінің 5 пайызын, яғни 3 мың теңге көлемінде жарна төлейді.
Бүгінде Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 128 423 болса, жыл басынан бері сақтандырылғандар 902 588 (80%), сақтандырылмаған азаматтар 225 835 (20%) көрсетіп отыр.
Сақтандырылғанды анықтау үшін қордың fms.kz ресми сайтынан, 1406 Call – орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе Telegram желісіндегі SaqtandyryBot каналы арқылы білуге болады. Ал, төлемді алдағы 12 айға әр айды көрсете отырып, «Kaspi.kz» пен Халық банкінің қосымшасы, «Qiwi» төлем сервисі, «Қазпошта» филиалдары және басқа да банктердің мобильді қосымшалары арқылы аударуға мүмкіндік қаралған.
Қателіктерді болдырмау үшін ЖСН мен төлем еңгізілген жолдың және төлем жасалатын айлардың дұрыстығына мұқият болу керек.
Тоқтар Жақаш