Шымкентте ауылшаруашылыққа қолдау көп

13 шiлде 2023, 10:07

Қала аумағында егістік пен жайылымды жерлердің қысқарғанына қарамай Шымкент қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығына қатысты жоспарларды жүзеге асыруды тоқтатпақ емес. Сондықтан, өнім көлемін арттыру мақсатында мал шаруашылығына, оның ішінде сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қараның басын көбейту көзделген. Қазіргі таңда қала аумағында 73,9 мың бас ірі қара, 15,4 мың бас жылқы, 82,5 мың бас ұсақ мал, 3,1 мың бас шошқа және 877,1 мың үй құсы тіркелген. Осының ішінде мыңнан аса асыл тұқымды ірі қара мал бар. Мал шаруашылығын дамыту үшін 1 млрд теңгеден астам мемлекеттік қолдау бөлінген. Оның ішінде 185,1 млн теңгесі малдың жем-шөбіне беріледі. Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, биыл 9,1 мың тонна ет, 52,3 мың тонна сүт және 154,0 млн дана жұмыртқа өндіруді жоспарланып отыр

–Жұмыс басталып кеткен. Атап айтар болсақ, қарқынды алма бағы, жылыжай кешендері бар. Біздің қаламызда өнеркәсіптік жылыжай кешендері қарқынды дамып келе жатыр, өйткені соған қажетті мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Жеңілдетілген несиелер беріледі. Сонымен қатар қаламызда құс шаруашылығы жақсы дамуда. Жеміс-көкөністі қайта өңдеу кәсіпорындары бар. Қала аумағында жеміс өсіретін егістік иелері аз. Дегенмен Өзбекстаннан, Түркістан облысынан, Сарығаштан, Жетісай, Түлкібас, Төлеби аудандарынан жеміс-жидек пен көкөніс әкеліп, осы жерде қайта өңдеп, соны экспортқа жөнелтеміз. Ішкі нарықты да қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асырып келеміз,-дейді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветиринария басқармасның басшысы Абунасыр Жанбатыров.

Қай-қай шаруаны да мазалайтыны – мемлекеттен берілетін субсидия мәселесі. Осы субсидия тәртібінде қандай да бір өзгерістер бар ма екен?! Ауыл шаруашылығы басқармасы маманының жауабы мынадай болды.

–Субсидиялауды тарқатып айтар болсақ, етті бағыттағы асыл тұқымды малды сатып алған шаруаға ірі қараның әр басы үшін150 000-300 000 теңге, бордақылау алаңдарына өткізілген малдың әр келісіне 200 теңге, мал басын асылдандырудағы селекциялық ұрықтандыруға жылына 1 басқа 10 мың теңге, мал азығы үшін жылына1 басқа 35 000-50 000 теңге қаралған екен. Ал, сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал сатып алуға 200 000-400 000 теңге, ондірілген сүттің 1 литріне 20 теңге, сүтті сиырларды ұрықтандыруға 5 000-10 000 теңге, оның жем-шөбіне 35 000-70 000 теңге беріледі, — дейді басқарма басшысы

Жылқы мен түйе, шаруашылығы да мемлекеттің қолдауынан кенде емес. Мұнда да асыл тұқымды мал сатып алуға 100 000 теңге, өндірілген сүттің әр литіріне 60 теңге берілсе, оның азығы үшін бір басқа жылына 30 000 теңге қаралыпты.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды