jasqazaq.kz

Шымкентте әлеуметтік санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды

06 ақпан, 15:14

Бүгін Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Баспаналар Асар-2 және Тұран-2 шағынаудандарынан берілді.
Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Шара барысында 25 отбасы жаңа пәтерлеріне ие болды.
Қала әкімі қоныс той иелерін құттықтап, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету қаладағы әлеуметтік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.


Табыс етілген пәтерлер ерекше әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға арналған. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар бар.
Жаңа тұрғын үйлер қоныстануға толық дайын, барлық қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, пәтерлерді беру рәсімі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес және белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 347 жалдамалы пәтер табысталған.

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес