jasqazaq.kz

Шымкентте алаша тоқу өнері жаңғырды

24 тамыз 2022, 18:49

Шымкент қаласында «Алтынға бергісіз – Алаша» этнофестивалі басталды. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестивальде көне алаша мен ұлтымыздың тоқыма үлгілері, жіп иіруге арналған ұршық, өрмек түрлерін қолданатын шеберлік сағаты өтеді.

Ұлттық құндылықты ұлықтаған іс-шараны қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұйымдастырып отыр. Алаша фестиваліне Шымкент қаласымен қатар, іргелес Түркістан облысы және Нұр-Сұлтан, Тараз қалалары мен Атырау, Қызылорда облысынан қолөнер шеберлері келді.

Фестивальдің ашылу салтанатында сөз алған қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы м.а. Дамир Жүнісов қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Ол қазақ халқының тыныс-тіршілігінде қолөнердің мәні жоғары болғанын атап өтті.

–Бүгінгі алаша фестивалі ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан алтын өнерді жарқырата түседі. Көздің жауын алатын дүниелер халқымыздың дүниетанымын айғақтайды. Бүгінгі шараға жиналған қолөнер шеберлеріне табыс тілеймін. Іс-шараға еліміздің түрлі аймақтарынан 10 шебер қатысуда. Қолөнердің осы түріне қызыққан кез келген қала тұрғыны екі күн бойы шеберлік сабағын алуға болады. Қазір іс-шараны республикалық деңгейде ұйымдастырсақ, алдағы уақытта халықаралық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз, -деді Д.Жүнісов.

Мұнан кейін, әр өңірден келген ісмерлер алаша тоқудан шеберлік-сабағын өткізді. Шеберлер алаша тоқу үшін жіпті иіруден бастап, дайын болғанға дейінгі үрдістің қалай жүргізетінін, оюлардың ерекшелігін баяндап берді. Түсіндіру барысында қала тұрғындары алашаның қыр-сырын үйреніп қана қоймай, практика ретінде ұлттық бұйымды өз қолдарымен тоқып көрді. Фестиваль екі күнге жалғасады.

Шеберлер осында тоқылған алашаларды әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына сыйға тартады.

Бибайша Нұржанқызы

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті