jasqazaq.kz

Шымкентте «Әділдікті талап ет!» акциясы басталды

18 тамыз 2022, 21:00

«Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесіп 2022 жылдың 15 тамызда республика бойынша «Әділдікті талап ет!» атты ауқымды науқанын бастады.

Бұл жобаға Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады.

Бұл туралы баспасөз брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д.Қожабаев және «Әділік жолы» РҚБ Шымкент қаласындағы филиалының жетекшісі А.Кесебаева мәлімдеді.

Науқанның басты мақсаты – қоғам арасында жемқорлыққа төзімсіздік ортасын қалыптастырып, бұл үрдіске ел азаматтарын барынша жұмылдыру.

Аталмыш іс-шара жемқорлықтың болуы немесе орын алуы мүмкін деген, қоғамды алаңдататын мәселелердің кең ауқымын кезең-кезеңімен қамтитын болады.

Бірінші кезеңде автожол саласындағы мәселелерге тоқталып, жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау барысындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтауға назар аударылады.

2022 жылғы 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ-Ж.К.Тоқаев жол салу саласында сыбайлас жемқорлыққа бейімділік көрсеткішінің жоғары екенін атап өтіп, елімізде жол салу барысында 10 жыл ішінде болған бұзушылықтарды мұқият тексеруді тапсырған. «Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес. Жалпы, бұл салада қордаланған мәселе көп… Жолдың нашар сапасына қатысы бар барлық кінәлілерді Заңға сәйкес жауапкершілікке тарту қажет», — деді мемлекет басшысы.

Қазақстанда бұл сала сыннан көз ашпай жатқаны анық. Жол-көлік апаттарында талай адамдамның көз жұмып, жарақат алуларының себебі – осы сапасыз жолдың әсері.

Биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал, жол жөндеуге бөлінген қаражаттың 44 пайызына мемлекеттік сатып алу қорытындысы жасалған жоқ. Автожолдарды салу жобаларының барлық кезеңдері жемқорлық тәуекелдеріне бейім. Тек мемлекет пен азаматтардың бірлескен күшімен ғана, қоғамды барынша жемқорлыққа қарсы күресте жұмылдыра отыра, бұл зұлымдыққа төтеп бере аламыз.

Азаматтар науқанға Adildik.kz веб-сайты арқылы қосылып, 1463 Call center бойынша Қазақстан автожолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жемқорлық туралы ақпаратты хабарлай алады.

Брифингте Айжан Кесебаева өңірдегі бірлестіктің негізгі атқаратын жұмыстарына да тоқталып өтті.

– Өңірдегі филиалда тәжірибелі заңгерлер мен сарапшылар жұмыс істейді.
Бірлестікке жыл басынан бері 78 адам жүгінген. Оның ішінде 8 анаға сот арқылы алимент өндіруге арыз беруге көмек көмек көрсетіліп, сот шешімінің жеке сот орындаушылары палатасына жіберілуі қадағаланды. Аптаның әр бейсенбісі азаматтарды қабылдау күні. Азаматтарға тегін заңгерлік кеңестен бастап, қажет болса құқықтық көмек көрсетуге тырысамыз. Және барлығы ақысыз, тегін негізде. Яғни халық тарапынан әр түрлі сипаттағы өтініштер келіп түседі: сотқа талап-арыз жазуға көмек көрсету, заңгерлік кеңес беру, несие борышы, шотқа қойылған заңсыз аресттерді шешу, әлеуметтік және білім, медицина саласының мәселелері және т.б. Барлық мәселе бойынша тым болмаса заң аясында кеңес бере отырып, бағыт-бағдар көрсетуге тырысамыз, — деді спикер.

Айта кетейік, бірлестік қызметінің нәтижесі биылғы жылдың аяғында өтетін Жемқорлыққа қарсы форумда жарияланып, науқанға белсенді қатысқан азаматтар «Әділдік жауынгері» мәртебесіне ие болады алады.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті