jasqazaq.kz

Шымкентте 8 сынып оқушысы асылып қалды

17 ақпан 2018, 18:01

Шымкентте 8 сынып оқушысы өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға 16 ақпан күні кешкі сағат 19-дар шамасында болған. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаладағы №113 мектептің 8 сынып оқушысы А.З. сағат 18:30 шамасында анасына малға жем-шөп саламын деп, қораға кеткен. Арада біраз уақыт өткенімен баласы қайтып оралмаған. Одан соң анасы мазасызданып, қораға кіргенде асылып тұрған ұлын көреді. Жеткіншектің денесі қалалық N1 ауруханаға жеткізілді. Жасөспірімнің өз өзіне қол жұмсау оқиғасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде. Шымкент қаласының əкімдігі марқұм оқушылардың отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады» делінген әкімдік таратқан хабарламада. Айта кетейік, бұл Шымкенттегі жасөспірімдердің арасындағы өз өзіне қол жұмсаудың алғашқы оқиғасы емес. Бұған дейін 10 ақпанда Қайнарбұлақ саяжайында тұратын 11 сынып оқушысы үйінің ауласында асылып қалған болатын. Ол өз өліміне кінәлі ретінде алты адамның тізімін жазған қағаз тастап кеткен еді. Қазір бұл оқиға бойынша Қаратау аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық ақпарат пен факті тергеудің құпиялылығына байланысты жарияланбауда.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды