jasqazaq.kz

Шымкентте 695 мыңнан астам дауыс беруші бар

03 наурыз, 18:03

Бүгінде елімізде республикалық референдумды өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілген. Бұл орайда Шымкент қаласында дайындық жұмыстары өз деңгейінде атқарылуда.
Шымкент қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев бұл жұмыстардың барысын БАҚ өкілдеріне баяндап берді. Оның айтуынша, Шымкент қаласында 695 мыңнан астам дауыс беруші бар.

– 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумда Шымкент қаласынан 369 референдум комиссиясы жұмыс атқарады. Оның ішінде, 6-ы аумақтық, 360-ы учаскелік комиссия. Қазіргі таңдағы мәлімет бойынша қалада 695 145 дауыс беруші азамат бар. Осыған байланысты біз әрбір дауыс берушіге шақыру қағаздарын таратып жатырмыз. Қазіргі уақытта барлық референдум учаскелері толығымен дайындыққа келтірілді. Мүгедектігі бар азаматтарға да қолайлы жағдайлар жасалды, – деді Қайырбек Көбекұлы.

Айта кетсек, қалада референдум өткізуге дайындық бойынша жергілікті штаб құрылып, жұмыс жүргізуде. Ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де тиісті мекемелермен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген.
27 ақпаннан бастап азаматтарды референдумға шақыру, жалпы ақпараттандыру іс-шаралары қолға алынған. Барлық үйлер, пәтерлерге шақырулар таратылады. Одан кейін мобильді оператор желілері арқылы тұрғындарға SMS хабарландырулар жіберіледі.

«Шымкент келбеті»

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады