Шымкентте 6 ветеринариялық бекет қызмет көрсетеді

18 тамыз 2023, 18:29

Иттерді атып, қырып салу өткеннің еншісінде қалған. Былтырғы жылдың қыркүйегінен бастап елімізде қаңғыбас иттерді атуға тиым салынған болатын. Мұндай жағдайда қараусыз ит пен мысықтар көбейіп кетпей ме, деген сұрақ туындайды. Қазіргі сәтте Шымкент қаласының Бадам-1 елді мекенінде иттерді уақытша ұстайтын орында қараусыз қалған жануарлар 3 күн оқшауланады. Мұнда жануарларға арнайы қан талдауы жасалып, қауіпті ауруларға қарсы екпе егіледі. Егер табиғатынан агрессивті болмаса, жануарларға қамқорлық танытатын еріктілердің көмегімен мейірімді қолдарға беріледі екен. С.Әбдіхалықовтың айтуынша, жыл басынан бері 4 500 жануар еріктілердің көмегімен иесін тапқан екен.

–Алдағы уақытта қаңғыбас ит-мысықтарды кастрация жасау жұмысы жүзеге асады. Қазірде мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігер мекеме енді анықталып отыр. Көшеден ауланып әкелінген иттің еркегі 7 күн, ұрғашысы 10 күн бойы ветеринардың қарауында болып, диагностика жұмыстары жүргізіледі. Осы аралықта жануарлар ауруға қарсы вакциналанып, кастрация жасалады. Ең соңында арнайы чип пен сырға тағылып, еркіндікке қайта жіберіледі. Қазірдің өзінде 5 мың чип сатып алынды. Жануарларға чип орнатылған соң оның қайда жүргені, денсаулық жағдайы бақылауда болады. Бұл жұмыстардың нәтижесі бірден білінбегенімен, үш жылдан соң өз жемісін береді. Жобаның мақсаты – қараусыз жануарларды аяусыз қырып салу емес, жоғарыда аталған жұмыстар арқылы көбеюіне жол бермеу. Осы орайда, қала тұрғындары да үй жануарларына аса жауапкершілікпен қарап, қараусыз қалдырмаса екен. Көбіне тұрғындар үй жануары ұрғашы күшік туса, оны көшеге қаңғытып қоятыны бар. Салдарынан қаңғыбас жануарлардың көбеюіне алып келеді, — дейді Сырым Байрамұлы.

Бүгінде Шымкент қаласының төңірегінде ветеринариялық қызметтің 6 бекетінде 88 ветеринар-маман жұмыс істейді. Мамандардың тағы бір қызметтік міндетіне жылына екі рет, көктем мен күзде қоражайлардағы малдарды тоғыту ісін жүзеге асырады. Ол үшін тұрғындар шаруашылыққа мал сатып алса, ең алдымен вет-бекеттерге хабарласуы тиіс. Мамандар малды тіркеуге алып, қауіпті аурудан амандығына көз жеткізу үшін қан сынамасын алып, зертханада талдау жасайды. Бұл қызмет үшін мемлекеттен қаржы қаралғандықтан, тұрғындарға ақысыз түрде жүргізіледі екен. Осылайша, мамандардың нәтижелі жұмысының арқасында соңғы үш жылда малдан адамға бірде бір қауіпті ауру жұғу жағдайы тіркелмеген.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз