Шымкентте 32 шаруа мемлекеттен қолдау алған

24 шiлде 2023, 10:18

Шымкент мегаполис деңгейіне жеткен қала болғанымен, оның да өзін азық-түлікпен қамтуда салмақты үлес қосып отыр. Қала айналасындағы елді мекендерде мал ұстап, егін салғаннан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеп, қала экономикасының ілгерілеуіне үлес қосып отырған кәсіпорындар бар. Осыған орай мемлекет қабылдаған ұлттық жобаның Шымкент қаласында орындалуы, халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, шаруаларды қолдау жайын қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров баяндап берді.

Елімізде «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған» Ұлттық жоба қабылданып, осы құжат шеңберінде саланы өркендету бағытында тындырымды тірліктер атқарылып келеді. Басқарма басшысының айтуынша, «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған» ұлттық жобасына сәйкес, 2023 жылғы 11 индикатор бекітілген. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, осы салада еңбек етіп отырған шаруалардың еңбек өнімділігін жоғарылату, өнім экспорты мен қайта өңделген тауарлардың саудасын күшейту, мал экспортын ұлғайту, алма бауы, тауық еті мен жұмыртқа өндірісін қолға алу секілді көрсеткіштер бар. Ә.Жанбатыров баяндағандай басқарма 6 айда көзделген межені ойдағыдай орындап шығыпты.

Қала аумағында 6 мыңға жуық шаруа қожалығында 7 мыңнан астам тұрғын еңбек етеді. Шаруалардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады екен. Атап айтқанда,олардың ішінде қожалықтардың 785-ке жуығы мал шаруашылығы, 6-уы балық, 4 құс шаруашылығы және 25 омарта шаруашылығымен айналысады. Мал шаруашылығымен айналысатын 32 шаруа қожалыққа мал басын асылдандыру бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді.

Осы жылдың қаңтарынан маусым айына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 20,7 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8 млрд теңге артыпты. Ал, тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 3,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Ірі қара малдың орташа салмағы 472 келіні құрап, құс етінің көлемі 1,2 мың тоннаға жетіпті. Сондай-ақ, қала аумағында орналасқан 209 гектар жылыжайда қызанақ, қияр, басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, маусымаралық кезеңде қаланың сауда нүктелерінен бөлек, еліміздің өзге өңірлеріне де жеткізіліп жатыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды