Сегізінші ақпанда Шымкент қаласының Абай ауданында орын алған кісі өліміне қатысты күдікті бейнебақылауға түсіп қалған деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қаза болғандар 1965 жылы туған азаматша мен оның 1996 және 2005 жылдары туған екі ұлы болатын.
Қылмыскер бетін бетпердемен жабуға тырысқанымен, көрші үйдің және жақын маңда орналасқан дүкендердің бірінің бейнебақылау камераларына түсіп қалады.
Бұл аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен Тараз қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмыскер компьютердің процессорын ұрлау мақсатымен үйге кіреді.
Алайда үйде үй иесі болғандықтан, ойындағысын іске асыра алмасын білген қылмыскер оларды өлтіріп кеткен.
Сонымен қатар, күдікті қайтыс болған балалардың бірімен Dota компьютерлік ойынын ойнайтын болған.
Айта кету керек, 2003 жылы пайда болған Dota компьютерлік ойыны үшін адамдар өз өмірін қиған.