Шымкентте 240 мың тонна көкөніс сақтайтын кешен құрылысы жүргізілуде

10 шiлде 2023, 11:19

Шымкент қаласында азық-түлік, көкөніс және тағы басқа тұрмыстық тауар өнімдерін сақтайтын ірі Сауда логистикалық орталығы 228 гектар аумақты алып жатыр. Қазір мұнда үш жоба жүзеге асырылған, яғни «Continental logistics Shymkent», «Kazakhstan Logistic group», «Зерде» компанияларының тұтынушылық өнімдерін сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр. Ал жаңадан қолға алынған 6 жоба алдағы күндері логистикалық орталықтың тасымалдау бөлшегіне айналмақ.

Соның бірі «Euro Tranzit Service Management» көкөніс сақтау қоймасы. Құны 5 миллиард теңге тұратын жобаның құрылысы биыл басталып, қазір қарқынды жұмыс жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған сауда логистикалық орталығында болып, қойма құрылысының бет-алысымен танысты. Қазір мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған, сондай-ақ ғимарат негізгі 3 блокқа бөлінеді.

Бірінші, 12 мың шаршы метрді алып жатқан тауарды құрғақ сақтау бөлімі, екінші 8 мың шаршы метрлік мұздатқыш бөлігі, үшінші қосымша тауар сақтайтын бөлік. Қойма жылына 240 000 тонна жүк қабылдауға қауқарлы. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталып, 80 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Шымкент қаласын Орталық Азия аумағында ірі көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптастыру мақсатында 92 гектар аумақта көлік-логистикалық аймағы бар. Аймақта құрғақ және климаттық қоймалар, контейнерлік алаң, темір жол тұйығы, әкімшілік тұрмыстық кешен, сондай-ақ кедендік рәсімдеу орталығы жұмыс істейді. Келешекте осындай тағы бір көтерме-тарату орталығын салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, қала тұрғындары үшін әр түрлі тауарларды қолайлы бағада сатып алу үшін 11 мың шаршы метрді құрайтын «GraMaD» сауда орталығында көтерме-тарату орталығы ашылды. Ол қаладағы 1700-ден астам сауда орындарын азық-түлік, жеміс-көкөністермен қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар, қала аумағында жалпы сыйымдылығы 108 мың шаршы метр болатын 14 сақтау қоймасы орналасқан. Оның ішінде 6 климаттық және 8 құрғақ сақтау қоймасы бар. Сонымен қатар 2022-2024 жылдар аралығында жаңа 2 көкөніс сақтау қоймаларын («КЕРЕМЕТ-САПА» ЖШС, «GRAMAD RETAIL» ЖШС) салу көзделуде. Қазіргі таңда жоғарыда аталған көкөніс сақтау қоймалары қала аумағында өндірілетін көкөніс өнімдерінің 80 пайызға жуығын сақтауға қауқарлы.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды