Шымкентте 17 жер телімі мемлекеттің иелігіне қайтарылды

23 шiлде 2023, 11:48

ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өндірісінде нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 1461 жер учаскесіне, 163 нысан бойынша 34 қаулы қабылданған.

Бұл туралы Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрбол Жүнісбеков Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлім етті.

Спикер келтірген дерекке сәйкес, жыл басынан бері жалпы алаңы 17,6 га болатын 82 жер учаскесі мемлекеттің иелігіне мәжбүрлі түрде қайтаруға 2,9 млрд теңге қаржы қаралған. 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 17 маңызды нысанның құрылысы үшін қарастырылған жер телімдері мемлекет мұқтажына толығымен қайтарылды.

Атап айтар болсақ: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қажнтті – А-2 жол құрылысы (2-кезең), Қонаев және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы, Қонаев даңғылының жалғасы (3-кезең) жол құрылысы, шығыс айналма жол құрылысы (1-кезең), Бәйдібек би даңғылы және Арғынбеков көшесісің қиылысындағы көлік жол айырық құрылысы, Өтегенов көшесінің жалғасы (1 кезең) жол құрылысы, уақытша сақтау тұрағының (айыптұрақ) құрылысы және Достық атауы жоқ көшесінің жол құрылысына бағытталған.

Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шарушылық басқармасы бекіткен жобалар – Бадам су жинақтағыш имараты құрылысы, Құрсай шағынауданы электр трансформаторы, Достық шағынауданы магистралды газ құбыры бар.

Шымкент қаласының құрылыс басқармасы – Бадам өзенін абаттандыру мен Ипподром құрылысы болса, қалалық білім басқармасы бекіткен мектеп құрылысы үшін – Текесу тұрғын алабындағы жер телімі, Елтай тұрғын алабындағы, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабындағы жер телімдері мемлекет иелігіне қайтарылған. Ал, Қаратау ауданы әкімдігінің қсынысымен Нұрсәт шағын ауданында гүлзар мен балалар спорт алаңшасын орнату үшін бір жер телімін мемлекет иелігіне қайтарылған.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды