jasqazaq.kz

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

09 шiлде 2025, 8:50

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады.
Шымкент қаласында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік гранттар берудің алғашқы кезеңі сәтті аяқталды. Қаржылай қолдау алуға ниет білдірген 934 адамның ішінен арнайы комиссияның шешімімен 134 үміткердің жобасы мақұлданып, әрқайсысына 400 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 1 572 800 теңгеге дейінгі мөлшерде қайтарымсыз грант тағайындалды. Қазіргі таңда жеңімпаздар Еңбек мобильділігі орталығымен екіжақты келісімге қол қойып, қаржы аудару рәсімдері жүргізілуде.
Грант иегерлерінің басым бөлігін әлеуметтік осал топ өкілдері құрап отыр. Олардың арасында атаулы әлеуметтік көмек алатындар, асыраушысынан айырылған азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар бар. Атап айтқанда, 5 адам – атаулы әлеуметтік көмек алушы, 7 – асыраушысынан айырылған, 23 – мүгедектігі бар еңбекке қабілетті азамат, 71 – көпбалалы отбасы, 28 – мүгедек бала тәрбиелеп отырған ана немесе әке.
Мақұлданған жобалар түрлі салаға бағытталған. Қызмет көрсету саласы алдыңғы қатарға шықса, бұл бағытта 50 жоба қаржыландырылды. Өндіріс саласында (құлпынай өсіру, ет өнімдері, т.б.) – 39 жоба, тігін – 15, кондитерлік және наубайхана өнімдері – 14, жартылай дайын тағамдар – 9, мал және құс шаруашылығы – 2, жиһаз өндірісі бойынша – 1 жоба мақұлданды. Сонымен қатар фаст-фуд, сусындар мен шұжық өнімдерін өндіру секілді бағыттарда 4 жоба қолдау тапты.
Мемлекеттік гранттар азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдап қана қоймай, олардың табыс көзін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады. Алдағы уақытта грант иелері өз жобаларын толық жүзеге асырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қоса бастайды.

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету