jasqazaq.kz

«Шымкент жастар лигасы» — еліміздегі бірден-бір сәтті жоба

12 тамыз 2022, 16:20

Шымкентте жастар арасындағы «Шымкент Жастар Лигасы» жобасы жылма-жыл өтіп келеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту бойынша берген тапсырмасы негізінде Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен өтетін бұл спорттық сайыста қаладағы білім беру ұйымдарынан 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңнан астам оқушы бағын сынапты.

«Шымкент Жастар Лигасы» жобасы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жаппай спортқа баули отырып салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Негізінен футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен тұратын сайысқа жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары қатысады.

Сайыс ережесі бойынша әр ауданға қарасты мектептер төрт топқа бөлініп, өзара жарысып,топ жеңімпаздары анықталады. Аудандардағы ойындардан соң өз тобынан жеңімпаз болып шыққан командалар финалдық бәсекеде бағын сынайды. Нәтижесінде, жарыс жеңімпаздары анықталып, марапатталады. 4 спорт түрінен бірінші орын алған мектеп командаларына 20 млн. теңгеден беріледі. Жалпы жобаның жүлде қоры — 80 млн теңге.

Айта кетейік, аталған спорттық жарыс мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновтың идеясымен ұйымдастырылған болатын. Екінші жыл қатарынан өткен Шымкент Жастар Лигасы еліміздің өзге өңірлерінің де қызығушылығын тудырыпты.

-Жастарды жаппай спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылған жобаға расында өзге қаладағы әріптестеріміз де қызығушылық білдіріп жатыр. Мәселен, Жамбыл облысы мен Алматы қаласының ниет білдіргені біз үшін қуаныш,– дейді Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Мағжан Исахов.

Жобаның бір ерекшелігі, мемлекет қазынасына салмақ салмаған. Тек шымкенттік кәсіпкерлердің демеушілігімен іске асырылды. Нәтижесінде, алты мыңдай жас бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спортпен айналысты. Ал спорттық жарыстарға төрешілік жасау және ұйымдастыру үшін 400-ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылды.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
Бүгін, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
Бүгін, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
Бүгін, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
Бүгін, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
Бүгін, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
Бүгін, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Бүгін, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар