Шымкент: Жас ғалымдар қанттың орнын басатын дәрілік өсімдік өсіруде

16 шiлде 2023, 11:11

Президент Қ.Тоқаев «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес» деген болатын. Бұл саланы дамыту үшін ең алдымен шаруалар ғылымға көрсетуі тиіс. Жердің тыңайтылуы, өсімдіктің қорегі, егін егуде жаңа технологияларды еңгізу бойынша ғылыми жобалардың орны орасан. Мәселен, шымкенттік жас ғалымдар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универстетінде Stevia өсімдігінен табиғи тәттілендіргіш өндіру ғылыми жобасын қолға алған. Жоба жоғары оқу жылыжай кешенінде қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмек алынатын стевия өсімдігін өсірілуде. Жас ғалымдар оны болашақта өндіріске енгізуді де көздеп отыр. Ғылыми жобаның жетекшісі, PhD докторы, Абдуғани Азимов.

«Бал шөбі» деген атқа ие болған стевия өсімдігінің жапырақтарынан өндірілген табиғи өнім қолданыстағы қанттан 15 есе тәтті. Мұны қантпен алмастырумен бірге фармацевтикалық бағытта қолдануға болады. Бұл өз кезегінде одан алынатын дәрі-дәрмек өнімдерінің қарапайым азаматтар үшін қолжетімді болуына сеп болмақ.

–Қазір әлемнің алдынғы қатарлы елдері осы өсімдікті өсіруге көңіл бөліп отыр. Себебі, стевиядан алынатын биология қоспа қант диабетін емдейтін, ас қорыту жүйесінің жұмысын реттейтін және жүйке жүйесіне оң әсерін тигізетін қасиетке ие. Біз осы дәрілік өсімдікті өз елімізде өсіріп, өндіріске енгізуді көздеп отырмыз, –дейді жобаға жетекшісі А.Азимов.

Ыстыққа төзімді, ашу процесіне ұшырамайтын, өнімдердің дәмін қанық ететін табиғи тәттінің бағасы қолданыстағы қанттан арзан келеді. Одан бөлек, 5 кг стевиозид 1 тонна қанттың тәттісін береді. Стевия жылу сүйгіш өсімдік болғандықтан Қазақстанның климатына төзімсіз әрі өнуге бейімсіз келеді. Осыған байланысты жоба авторлары оны М.Әуезов атындағы ОҚУ жылыжайында көбейтуді қолға алуда. Заманауи құралдармен жабдықталған кешеннің топырағы өңделіп, қосымша минералды тыңайтқыштармен байытылған.

Стевия өсімдігінен өндірілетін қант еліміздің ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, тағамтану және экономика саласына оң серпін береді. Алдағы уақытты бұл өсімдікті өсіру қаладағы жылыжай кешендерінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды