jasqazaq.kz

Шымкент: Жаңаталаптағы 1361 абонент сапалы электр қуатымен қамтылды

20 қазан 2022, 11:59

Республика күні қарсаңында Шымкенттің “Абай” ауданына қарасты «Жаңаталап» елді мекеніндегі подстанция іске қосылды. Енді жергілікті 1361 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысып, жергілікті халықтың қуанышына ортақтасты.
Берілген уәденің уақытылы орындалғанына дән риза халық әкімге алғысын жаудырды.

«Біздің бірнеше жылдан бергі мақсатымыз орындалды. Халықпен етене жұмыс істейтін ашық үкімет осындай болар. Тұрғындардың уәжін тыңдап, соны жүзеге асыру үшін елді мекенімізде құрылыс жұмыстары былтыр басталған еді, міне енді бір жылға жетпей, бекітілген мерзім ішінде сапалы электр энергиясын тұтынатын болдық»,-деді көпшілік.

Жаңаталапқа 42,190 шақырым электр желісі тартылып, 21 трансформатор мен 1312 бағана орнатылған. Тұрғындар электр қуатын бүгінге дейін жекеменшік желіден тұтынып, әр кВТ үшін 27-30 теңге аралығында төлем жасап келген. Енді олар бұрынғыдан қарағанда тиімді бағамен, яғни 17,9 теңгемен төлем жасайтын болады.
Қазіргі уақытта құжаттары дайын үйлерге абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін «Достық», «Тұран», «Нұртас», «Сәуле», «Жаңаталап» және «Солтүстік саяжай» елді мекендеріндегі құрылыс жұмыстары толықтай аяқталады. Құрылыс жұмыстары 100% орындалып, жоспарға сай 2023 жылдан бастап мегаполис тұрғындары электр қуатынан тапшылық көрмейтін болады.

Айта кетсек, Шымкент қаласының маңындағы елдімекендердің тұрғындары коммуналды қажеттіліктерге қол жеткізіп келеді. Бүгін кезекті екі тұрғын алабына жарық пен табиғи газ қосылды. Абай ауданына қарасты нысандарды қала әкімі Мұрат Әйтенов жауапты мамандармен бірге аралады.

Алдымен Жаңаталап елдімекенінде шағын қосалқы станция іске қосылып, тұрғындарға сапалы электр қуаты беріле бастады. Қала әкімінің қатысуымен монтерлар желіні салтанатты түрде іске қосты.

Нәтижесінде, Жаңаталаптағы 1 361 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады. Қазіргі уақытта құжаттары дайын үйлерге «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан кейін қала әкімі Көкбұлақ елдімекеніне барды. Мұндағы тұрғындардың үйлеріне табиғи газ қосылуда.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті