jasqazaq.kz

Шымкент тұрғыны жұрт жоғалтқан куәліктерді пайдаланып, онлайн 51 несие ресімдеген

12 қазан 2022, 17:02


Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жұрттың жоғалтқан жеке куәліктерін пайдаланып, олардың атына 51 несиені онлайын ресімдеген Шымкент тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, солтүстікқазақстандық полицейлер қызметтік іссапар кезінде ер адамды ұстады. Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны жоғалған жеке куәліктер туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі хабарландырулардан алғанын мойындады. Ол мәліметтерді қолданып, жәбірленушілердің атына онлайн-несие, әдетте бір адамға 100 000 теңгеден ресімдеген. Осылайша, алаяқ 51 несие ресімдеп, 5 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген. Жәбірленушілердің арасында СҚО тұрғындары да болған.

Сот оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Осыған орай полицейлер интернет арқылы ешкімге жеке құжаттардың суретін жібермеуге кеңес береді.

Мәселен, біреудің жеке куәлігін тауып алған жағдайда, оның фотосын әлеуметтік желілерде жеке деректерін жасырмай жариялауға болмайды. Көп жағдайда киберқылмыскерлер интернет желісінде осындай фотоларды аңдып жүреді. Оларды басқа біреулерді алдаған кезде, мәселен, өздерін бөтен адамдардың атынан таныстырғанда немесе несие алғанда пайдаланады.

«Құқық қорғау органдары шағын қаржы ұйымдары иелерімен жасаған уағдаластықтың арқасында соңғы кезде қашықтан несие алу рәсіміне сенім артты, алайда, сақ болу қажет. Жеке деректеріңізді, құпиясөздер, пин-код, банк картасының сыртындағы CVV-кодты, смс-хабарламамен келетін бір жолғы кіру қодтарын құпия сақтауға кеңес береміз», — дейді СҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті