Шымкент: Тұрғындар әлеуметтік салаға қатысты мәселесін жеткізді

01 шiлде, 15:01

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Басқарма басшысына әлеуметтік салаға қатысты талап-тілегін жеткізуге 17 тұрғын алдын ала жазылған болатын. Бүгін қабылдауға 10 тұрғын қатысып, екі азаматтың мәселесі бейне қоңырау арқылы онлайн тыңдалды. Қалған тұрғындардың мәселесін мамандар қабылдауға дейін шешіп қойған екен.

Тұрғындар негізінен мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік-оңалту шараларына қатыстыру, нысандардағы пандус мәселесі, шипажай кезегі, ерекше жандарды қоларбамен қамту, жұмысқа орналасу және атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі мәселесін жеткізді. Кездесу аясында тұрғындардың мәселелері жеке қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Ал басқарма мамандарына бірқатар тапсырмалар берілді.

Жанат Өмірсейітқызы әр тұрғынның мәселесін жеке тыңдап, оған тиісті шараларды қолдану үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырма жүктеп отырды.

Ал, әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қатысты шағымын айтып келген азаматшаның мәселесін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы және қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен бірлесе дөңгелек үстел үстінде талқылап, тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

–Біз қала тұрғындарының әлеуметтік салаға қатысты барлық шағымы мен ұсынысын тыңдауға ашықпыз. Осында айтылған мәселелердің барлығын бақылауға алып, орындалуы жөнінде мамандардан есеп талап етемін. Бірақ, кей бір шағымдар бойынша жұмыс жүргізу үшін тиісті құжаттарды рәсімдеуге уақыт қажет. Сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз, — деді басқарма басшысы.

Ж.Өтебаева әр тұрғынның мәселесін тыңдап, оған қатысты бөлім мен орталық басшыларына заң шеңберінде қарастыруын тапсырды.

Айта кетсек, басқарма басшысының қабылдауына қатысу үшін басқармаға арнайы келіп тіркеліп, немесе әлеуметтік желілерде көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады. Басқарманың мақсаты- халықпен тығыз байланыс орнатып, түйіткілді мәселелерді бірге шешу. Алдағы уақытта басқарма басшысы алдын ала тізімге тіркелген азаматтарды әр апта сайын қабылдайтын болады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде