Шымкент: Тұран ауданында 13 ауыз су бұрқағы орнатылды

19 шiлде 2023, 13:05

Тұран ауданы әкімі аппараты тарапынан аудан аумағындағы халық көп шоғырланатын аумақтарға 13 ауыз су бұрқағы орнатылды. Заманауи қондырғылар композициялық мәрмәр тастан жасалған әрі арнайы сүзгі орнатылған.

Ауыз су бұрқақтары сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетілген талаптарға сәйкес қондырылды. Су құбыры жүргізіліп, орталық сумен жабдықтау желілеріне қосылған және арнайы су өлшегіш құралы орнатылған.

Ауыз су бұрқағы көктем-жаз мезгілдерінде пайдаланылатын болады. Күзгі- қысқы мерзімде су бұрқақтарына орталық құбырдан ысырма арқылы су беру тоқтатылады. Алдағы уақытта ауыз су бұрқақтарын күтіп-ұстау жұмыстары «Тұран» КММ-нің тарапынан жүргізілетін болады.

Су бұрқақтар орнатылған орындар – Мәделі қожа және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында – 2 дана, Байтұрсынов және Бекбосынов көшелерінің қиылысында – 1дана, Байтұрсынов және Жандосов көшелерінің қиылысында – 1 дана, Момышұлы даңғылы және Желтоқсан көшесі қиылысында – 1 дана, Момышұлы және Республика даңғылы қиылысында – 1 дана, Дулати және Рысқұлов көшелерінің қиылысында – 1, Темірлан тас жолы және Желтоқсан көшесі қиылысында – 1, Республика даңғылы және Асқаров көшесі қиылысында – 2, Темірлан тас жолы және Қожанов көшесі қиылысында – 1, Темірлан тас жолы және Темірқазық көшесі қиылысында – 1, Темірлан тас жолы және Мангельдин көшесі қиылысында – 1 дана.

Айта кетсек, Шымкент қаласында жазғы маусым басталғалы 35 субұрқақ іске қосылып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына кестеге сәйкес қызмет атқарып тұр. Субұрқақтар қаланың сәнін келтіріп көркін ашады, әрі ауа-райының аптап ыстығында көшедегі жүргіншілердің сергіп салқындауына сеп болады. Қаланың ішінде 8 субұрқақтың насосы жаңартылуда. Олар Әл-Фараби ауданындағы, Арбат гүлзарындағы, Имран сауда орталығы алдындағы субұрқақ, Жеңіс саябағы, Байтұрсынов-Жандосов көшерлеріндегі субұрқақ, Спорт гүлзары, Құрметті азаматтар аллеясындағы, әуежайдағы субұрқақтары. Сондай-ақ, Орталық саябақтағы және Қошқар ата өзеніндегі, яғни Ордабасы алаңындағы субұрқақтардың құбыры ретке келтірілді. Ал Асар шағын ауданындағы әуенді субұрқақтары, Нұрсәт аллеясында орналасқан субұрқақтар жақында іске қосылуға дайын. Сонымен қатар, Чернобыль субұрқағы – күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды