Шымкент: Таскендегі тоғыз көшеге асфальт төселіп жатыр

13 шiлде 2023, 10:17

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында өңірлерде жолдардың құрылысына мән берген болатын. «Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр. Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек» деген болатын.

Президент тапсырмасын орындау бағыттағы жұмысар Шымкен қаласында қысы-жазы тоқаған емес. Шаһардың күрі амыры болған жолдарға ағымдағы жөндеу, кұрделі жөндеу және жаңадан жол салу құрылысы қарқын алған. Мәселен, бүгінде Қаратау ауданына қарасты Таскен шағын ауданындағы көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Байсал, Қызан, Сандуғаш, Айнабекұлы, Кемел, Қырмызы және №1, №2, №3 аты жоқ көшелердің жалпы ұзындығы 4,6 шақырымды құрайды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аты аталған көшелердің құрылыс басында болып, жұмыстың жай-күйімен танысты. Мұрат Дүйсенбекұлы мердігер мекеме басшыларына стандартттық ережеге сай сапалы жұмыс істеуді тапсырды.

Айта кетейік, жалпы жыл соңына дейін Таскен шағын ауданында 7,9 шақырымды құрайтын 16 көше орташа жөндеуден өтеді. Биыл жалпы қаламыздағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында шаһар аумағында 243 нысан, яғни 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытып, сапасын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Атқарылып жатқан жұмыстар жоғарыда аталған іс-шара аясында іске асырылуда.

Жол құрылыс жұмыстарының нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы жыл соңында 71,2 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Бас жоспарға сәйкес, қала орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне басымдылық берілуде.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды