Шымкент: Сауда-логистикалық орталығына артылар үміт көп

22 шiлде 2023, 12:28

Шымкентте жаздың маусымаралық кезеңде 80 мың тонна азық-түлікке қажеттілік туындаса, қала соның 35 мың тоннасын қамтып отыр. Енді сауда-логистикалық орталықтардың құрылыс кезеңдері толық аяқталса, өнім тапшылығы мәселесі бұрынғыдай туындамайды деген сөз. Азық-түліктің мол қорын жасақтаудан бөлек, сауда-логистикалық орталықтардағы қоймалардың екінші қызметі Түркістан облысынан және Өзбекстаннан келетін ерте пісетін өнімдерді сақтап, шаһардағы қайта өңдеуші кәсіпорындарды тиісті шикізатпен қамтамасыз ететін болады.

Осы ретте «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағында жобаларды игеру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған кәсіпорындар алаңында ауыл шаруашылығы өнімдері қайта өңделіп, сол арқылы шаһарға келетін импорттық тауарлар үлесі азайып, керісінше мегаполистің дайын тамақ өндірісіндегі экспорты артатын болады. 132 гектар аумақты алып жатқан индустриялық аймақта 8 жобаның жұмысы басталып кетті.

Президенттің жергілікті әкімдіктерге тапсырған басты міндеттердің қатарына инвестиция тарту мәселесі кіретіні белгілі. Осы ретте мемлекет тарапынан инвесторларға бірнеше қолдау қарастырылған. Атап айтқанда, егер кәсіпкер жобаны іске асыруға екінші деңгейлі банктен қаражат жұмсаса, пайыздық субсидиялау бағдарламасы бойынша алынған несиенің 10 пайызға жуық мөлшерлемесі мемлекет арқылы өтеледі. Екіншіден, инвестициялық субсидиялау бағдарламасына сәйкес көкөніс сақтау қоймаларын немесе қайта өңдеу кәсіпорындарын салған жағдайда кеткен шығынның 25-50 пайызға дейінгі мөлшері мемлекет есебінен кәсіпкерге қайта қайтарылады. Сондай-ақ сатып алынған малдың басына, тыңайтқыштар мен тұқымға субсидия төленеді.

Бүгінгі таңда мегаполисте елуден астам ауыл шаруашылығы кооперативі бар. Іріленудің негізгі пайдасы көп. Мәселен, мал шаруашылығында мемлекеттен жәрдем алу үшін оның талаптарын орындау керек. Айталық, мал саны кемі 50 бас болуы қажет. Ал бұл міндетті іске асыру ұсақ шаруашылықтардың қолынан келе бермейді. Кооперативке біріккен жағдайда шағын шаруашылық құрылымдарынан мұндай талаптар бірден алынып тасталынады. Осылайша, кооператив мүшесі атанған шаруалар малдың жемшөбін сатып алғанда және басқа да жағдайларда мемлекеттің көп жеңілдігін пайдалануға мүмкіндік алады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды