jasqazaq.kz

«Shymkent Mobilography Fest» байқауы өтеді

12 қыркүйек 2022, 14:32

Шымкент қаласында екінші рет «Shymkent Mobilography Fest» байқауы ұйымдастырылады. Қалалық туризм саласының мамандары жыл соңына дейін келуші туристер қатары артатын алға тартуда. Ол үшін, MICE-туризм, яғни іскерлік және оқиғалы іс-шаралар қатары көбеймек. Осы мақсатта, еліміздің үшінші мегаполисі түрлі бағытта іс-шаралар өткізіп, қала экономикасына түсім жасап, Шымкенттің имиджін одан әрі дамытуды көздеген. Бұл бағытта, жыл соңына дейін «Мобилография» фестивалімен «Shymkent Tourism Awards»туристік форумы секілді бірқатар ауқымды оқиғалар қатарын өткізу жоспарлануда.

Бүгінде Шымкенттің тарихи, мәдени орындарына саяхаттау мақсатында түрлі туристік маршруттар әзірленіп, олар жайлы ақпарат беретін гид-экскурсоводтар қызмет етіп, туристік автобустар жолға қойылған. Сонымен қатар, әр мезгілде мерекелерге арналған іс-шаралар көбейетін болады. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров бұл тұста басқарма тарапынан жыл басынан бері 6 ай ішінде оқиғалы және іскерлік шаралар қатарында «ДәмДәсTour», «Balmuzdaq Fest», «Мобильді арбат» іс-шаралары мен Туристік ақпараттық орталықтардың бірінші Халықаралық слеті, «Мото маусымының ашылуы», «Explore Zhana Qazaqstan: Ontustik»экспедициясы нәтижелі өткенін айтты.

Шымкенттің туристік мүмкіндіктері елімізде және шетелдерде өтіп жатқан халықаралық көрмелерде кеңінен насихатталуда.

Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «Креативті индустрия» бағыты аясында мобилографтардың «Shymkent Mobilography Fest» республикалық фестивалі ұйымдастырылған болатын.

Шараға қатысуға 900-ге жуық адам өтінім білдірген. Қатысушылардың басым бөлігі Шымкент және Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалаларынан болды. Олар сайыстың алғашқы күнінде алдын ала берілген «Welcome to Shymkent» тақырыбында қала туралы имидждік және креативті жарнамалық бейнероликтер түсірді. Дайын бейнероликтерді елімізде мобилография саласын дамытқан Қыран Талапбек бастаған комиссия мүшелері бағалап, жеңімпаздар тізімін жариялады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті